Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұстаз бен директор соттасып жатыр. Кімдікі дұрыс?

Сотта ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылбек Қожанов мұғалімнің сенбіліктерге, концерт билеттерін сатуға ақша жинауға қарсы шыққанын мәлімдеді. “Сенбіліктер тазалық үшін керек. Біз оны қанша рет өткізетінін мектеп өзі шешетінін айттық. Сосын Айман жиналыстан бірнеше мәрте шығып кетіп, біреуге шағымданып телефон соғумен болды. Біз оның бұл әрекетін әдепсіздік деп түсіндік”, – деді ол.

Шағымданушы Айман Сағидуллаеваның мәлімдеуінше, мұғалімдер ақсақалдар кеңесінің отырыстарына қатысуға міндетті емес, сол себепті мұндай жиналыстардағы ескертулер заңсыз болып есептеледі. Бұған қоса, ол мектеп директоры бес күннің ішінде оған қатысты он айыптау акт толтырғанын айтты.

Айман Сағидуллаеваның сенімді өкілі Маржан Аспандиярованың айтуынша, мұғалімді жерді шетелге сатпау және жалға бермеу талаптарын қолдағаны үшін қудалай бастаған.

48E7D65C-0791-4AC7-8CA5-928A0CFBB16A_w987_r1_s

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз