Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Сөмке дауы: Үкімет жиынында Сағынтаев пен Сағадиев сөзге кеп қалды (видео)

2000

Әрине, мұндай жауап қоғамның шамына қатты тиді. Тіпті, Салтанат Тәжиева есімді ата-ана (Алматы облысы) баласының сөмкесін электронды гірге салып, оның видеосын әлеуметтік желіде жариялап кеп жіберді.

Сол-ақ екен, министрліктің өтірігін шығарған бұл видео желіде хит боп, оны 200 мыңға жуық адам қарап, 150 мың адам пікір қалдырған. Негізінен, стандартқа сай, 1-сыныпқа барған оқушы сөмкесі 2-3 келіден аспауы керек болса, видеода ол 6 келіден асады.

«Реформаларды тоқтатыңыз!». Тайжан Сағадиевке жауап қатты (видео)

Әрине, қоғамды дүрліктірген мәселені министрлік қалай назардан тыс қалдырсын? Бірден шабармандарын желіге шығарды. Министрлік өкілдері жауап беріп, желіде видео жариялады. Бірақ бұл жауаптан гөрі, мекеменің сыдыртпа есебі боп шықты. Құр ақталу. Содан Білім министрлігінен көңілі қалған ата-аналар қолын бір сілтеген.

Осы дау боп жатқан кезде Еңбек министрі Тамара Дүйсенова қызметінен кетті. Сол кезде „одан да оның орнына Сағадиев кетуі керек еді„ деп, желідегілер бір қопаңдап, Білім министріне деген көңіл толмаушылығын тағы көрсетіп қалып еді.

Министрліктің өтірігін шығарды. Оқушы сөмкесінің салмағы 6 келіден асып кетті (видео)

Бұл – 2017 жылдың басында болған оқиға. Содан бері 1,5 жыл уақыт өтті. Бірақ министрлік бұл мәселені сол күйі елеусіз қалдырған. Аракідік оқушылар ауыр кітап тасымас үшін әрқайсысына мектепте шкаф жасату керек, электронды кітапты қолданысқа беру қажет деген нәрсе айтылып қалады. Алайда сөз жүзінде. Бұл жолы да Үкімет басшысының тікелей сауалына осыған ұқсас жауаптар айтылды.

Иә, шешім жоқ, тек құр ақталу, орындалу-орындалмауы күмәнді есептер. Тіпті, Білім министрі жиында осы жауыр болған мәселені көтерген Үкімет басшысына ренжулі кейіп танытты.

«…Сөмкелердің салмағы бойынша жаңа стандарттар жасадық дедік, оны кім шығарып жатыр өзі? Электронды оқулықтар да барлық пәннен жоқ. Бір жағынан жасадық дедік, шын мәнінде, оның біреуі де жұмыс істемейді.

Көріп отырмыз ғой, сол баяғы салмағы ауыр кітап, бастауышта оқитын кішкентай балаға үлкен салмақ.

Алдымен мәселені неге шешіп алып, содан кейін стандартты жасамайсыздар?», – деп сауал қойды ҚР Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке.

«Қағаз оқулықтарды 50-60 жыл бойы балалар тасып жүрді ғой. Біз де тасығанбыз кезінде» деген Ерлан Сағадиев, мұнысымен Үкімет басшысына „Одан өлген жоқпыз, міне, алдыңызда министр боп тұрмыз, не болды соншама„ дегендей түр танытты.

«Биыл алғаш рет стандартты енгізіп отырмыз, оқулықтардың қай қағаздан басылатынын, салмағы мен форматын бекіттік. Әрине, ол тек биыл шығатын оқулықтарға енгізілген, енді 5-6 жылда барлық оқулықтарды қамтиды. Электронды оқулықтар 70 процент жұмыс істеп жатыр, енді жаңартылған мазмұнға көшетін сыныптардың оқулықтарын электронды нұсқада міндетті түрде шығаратын боламыз», – деп жауап берді Сағадиев.

«Өтірік айтпа, оқушы сөмкесі 2 келіден аспайды». Сағадиев жауап берді (видео)

Ал жаңартылған мазмұн бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып, келесі жылы балалардың 70 проценті жаңа бағдарлама бойынша оқитын бопты.

«Жаңартылған мазмұн мәселесі шешілген, ата-аналар мен балалар түсініп жатыр, тағы бір жыл берсе, барлық түсініспеушіліктер айқындалады.

Сөмке мәселесін шешудің жолы – мектеп ішінде кітап қалдыратын арнайы шкафтар әзірлеу, оны сыныпта немесе дәлізде салуға болады. Электронды оқулықтар қазір де бар, оны жиі пайдаланады.

Жаңартылған мазмұнға көшкен сыныптарға электронды оқулықтар 100 процент енгізілген. Яғни, қазіргі уақытта балалардың 70 процентіне электронды оқулықтар қолжетімді.

Біздің жоспар бойынша, алдағы екі жылда оқулықтар 100 процент электронды түрде шығады. Сонда ауыр сөмке мәселесі де өздігінен шешіледі», – деді Ерлан Сағадиев.

 

«Ешкімге сенбеңдер» деген Сағадиевке зиялы қауым үн қатты: «Тек министр ғана осылай ете алады!»

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз