Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Астанада сапасыз құрылыстан жапа шекккен екі адам ауыр хәлде жатыр

Зардап шеккендер дереу туысына хабарласып үлгереді. Көмекке жеткен ағасы да құлаған кірпіш астында қалып, ауыр жарақат алады. Тұрғындарға көмекке келген жедел жәрдем бригадасының екі қызметкері де қауіптің астында қалды. Фельдшердің басына жоғарыдан кондиционер құлап, екеуі де жансақтау бөліміне түсті.

«Күйеуім жүгіріп келді… өзі де тастың астында жатыр, жанында фельдшердің аяғы көрініп тұр», – дейді науқастың келіні Айгүл Қалиева.

Зардап шеккендердің арасында үйленгеніне небәрі екі апта болған жас жұбайлар бар. Жедел жәрдем қызметкері Әділет Зейнел сол түні жансақтау бөліміне түскендердің қатарынан өзінің жарын көргенде сілейіп қалғанын айтады.

«Күнде түрлі жарақатпен қанша адам қабылдаймыз. Бірақ өз әйелімді сол күйде көргенде ештеңе істей алмадым. Қолым дірілдеп, тек жыладым», – дейді ол.

Зардап шеккендердің жақындары төтенше жағдай қызметі дер кезінде жетпеді деп айыптаған. Алайда ТЖД өкілдері ақпаратты жоққа шығарып отыр. Әділет басқармасының орынбасары Әрлен Бүркітбайдың айтуынша, алғашқы хабарды жедел жәрдем алған, олар оқиға орнына бірінші болып жеткен. Ал 112 қызметіне хабар түскенде құтқарушылар дереу жолға шыққан.

«Әлеуметтік желілерде тараған «құтқарушылар кеш келді» деген мәліметтер шындыққа жанаспайды», – деді ол.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, үш науқастың хәлі орташа, палатаға ауыстырылған. Ал екі адамның жағдайы өте ауыр. Полиция «Сапасыз салынған құрылыс» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеушілер үйдің қаптамасының неге опырылғанын, құрылыс нормаларының қаншалықты сақталғанын анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз