Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
0
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

СҚО-да әйел 4,5 млн теңгеге танысын «дуамен қорқытып» алдаған 

Лариса отбасында береке болғанын қалап, дуаны қайтару үшін «көмек» сұрап танысына барған. Бекетова жоралғыны күшті қабілетке ие және «қасиетті жерлерге барған» «Баба Катя есімді сыған әйел» өткізетінін айтқан. Барлық «жоралғы» қашықтан өткізілген – «емші» фотосуреттерге қарап бал ашып, WhatsApp арқылы хабарламалар жіберген.

Ақырында жәбірленуші «Баба Катяны» ешқашан көрмеген. Ол онымен кездесуді сұрағанда, құрбысы әйелдің қайтыс болғанын айтып, «жаңа бақсы» табуды ұсынған. «Емделу» кезінде Долгушина кредит алып, қарызға батып, шамамен 4,5 миллион теңге аударыпты.

«Отбасымда проблема туындай бастаған кезде жақындарыма хабарласпағаныма қатты өкінемін. Оларға айтудан қорықтым. Балгерлер маған көмектеседі деп ойладым. Мен отбасымды бәрінен жоғары қоямын және үйде береке-бірлік болғанын қаладым», – дейді Лариса.

Алданғанын сезген әйел сотқа жүгінді. Бекетова үш жылға бас бостандығынан айырылды, кішкентай балалары болғандықтан жаза үш жылға кейінге шегерілді.

«Бұл Бекетованың алғаш рет сотталуы емес, бұған дейін оны өзінің туысы алаяқтық жасады деп айыптаған», – деп атап өтті басылым.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз