Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ешкімге сенбеңдер” деген Сағадиевке зиялы қауым үн қатты: “Тек министр ғана осылай ете алады!”

368

Сонда дейміз-ау, қалай болғаны, министр мырза? Осыған дейін түрлі республикалық басылымдарда Сіздің атыңызға жазылып, қарауыңызға ұсынып елге сыйлы академик пен ғалымдар көтерген мәселенің барлығы жәй әшейін нәрсе болғаны ма?

Қазақ халқы бүтін бір саланың атасы болып табылатын Серік Қирабаев, Айгүл Ісмақова, Рәбиға Сыздықова, Мәмбет Қойгелді сынды ғалымдарға емес, Сізге сенуі керек пе? Сонда бұл кісілер өтірікші болғаны ма?..

Әлде ол кісілердің жанайқайы мүмкін Сізге жетпей жүрген болар?

Иә, кешелі бері ақталып жатырсыз. Сонда не ойладыңыз? Бұл кісілер енді үндемейді дедіңіз бе? Жоқ, қалайша? Мәселен, Айгүл апайымыз Білім министрлігі әр шешімін ғалымдар қауымымен ақылдасып, шешеді дегенді өтірік дейді. Бұл сөзіңіз ол кісіні таң қалдырыпты.

“Құрметті министр! 2017 жылдың 1-ақпанынан бастап өзіңіз енгізген жоғары оқу орындарынан “Қазақ тілі”, “Қазақ əдебиеті”, “Қазақ тарихы”, “Лингвистика”, “Шығыстану” сынды мамандықтарды алып тастау туралы шешімді кері қайтарып, бұл кафедраларды қайтадан ашыңыз.

Былтырдан бері қазақ әдебиеті кафедрасы жабылып, лингвистикаға қосылып жұмыс істеп жатыр. Менің қолымда декандар мен бөлім меңгерушілерінің өтініші бар.  Біздің сауалымызға жауап жоқ, сондықтан ел алдында өтініш айтуымызға тура келді.

Сөйтіп қаңтардың 23-і мен 1-наурыз аралығында “Қазақ әдебиеті”, “Ана тілі”, “Заман Қазақстан” газеттерінде осы мәселеге қатысты арнайы мақалалар да жарияладық. Өйткені бұл – ұлттық қауіпсіздік мәселесі.

Тіпті, мен бұл мәселені Елбасы жолдауының талқысы кезінде депутат Бекболат Тілеуханға да жеткіздім. Ақыры бұл мақалалар мен басқа іс-қимылымызға министрлік жауап бермеген соң бір топ академик атынан хат ұйымдастырылды. Ол рас.

ҚР Білім және ғылым министрлігі өз шешімін ғалымдар қауымдастығымен өзара талқылап, шешеді дегенді мен бірінші рет естіп отырмын. Бұл арада журналистердің де еш кінәсі жоқ. Олар болмаса Сіз бұлай ел алдына шықпас едіңіз ғой.

Құрметті министр! Біз Сізден қазақ тілі, қазақ әдебиеті, әдебиеттану, тілтану, қазақ тариxы / ежелгі, орта ғасыр, 20 ғасырға дейінгі, Алаш кезеңі, советтік кезең/ , түркология, шығыстану сынды мамандықтар қамтылған мамандықтар классификациясының ресми жарияланымын күтеміз.

Мұхтар Әуезов, Зейнолла Қабдоллов іргетасын қалаған әдебиет теориясы кафедрасы мен бөлімдерін кері қайтарыңыз. Ғалымдар қауымынан маза кетіп отыр, қазір. Олар ҚР Білім және ғылым министрлігі өзінің жіберген өрескел қателігін жөндесе деп тілейді. Ахмет Байтұрсынұлы негізін қалаған Әліппені де кері қайтарыңыз!  Әліппеден басталған қателерді жөндеңіз, министр Мырза…

Бұл мәселені қазақтілді басылымдардың қозғап келе жатқанына бір айдан асты. Алайда ҚР Білім және ғылым министрлігі басшысынан бастап қызметкеріне дейін қазақша газет оқымайтын болса керек.

Қалай дегенмен де Фейсбукке рақмет! ” дейді филология ғылымдарының докторы Айгүл Ісмақова Facebook-тегі жеке парақшасындағы жазбасында.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз