Бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Айдос Сарым мен Мұхтар Тайжанның «отставкаға кету» бойынша ұсынысына қатысты пікір білдірген болатын.
Министр “отставкаға кет дейтін олар кім” деген мағынада жауап қатқан еді. Сөзбе-сөз келтірсек:
– Бұл адамдардың (Сарым, Тайжан-ред.) осындай ұсынысына байланысты айтарым, мен оларды танымаймын. «Отставкаға кету» бойынша арыздары болса, мен жауап беруге дайынмын. Бірақ менің ойымша, олар (Сарым, Тайжан) мұндай мәселені (Үкімет алдында-ред.) көтере алмайды», – деді Ерлан Сағадиев.
Министрдің бұл сөзіне Мұхтар Тайжан өте сауатты жауап қатты. Ол өз жауабын видео нұсқада Фейсбуктегі жеке парақшасында жариялады.
Аталмыш видеода Мұхтар Тайжан бүкіл ректорлардың хаттарын дәлел ретінде көрсетіп, министрдің өтірігін ашыпты.