Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Шымкентте көпбалалы ана АИТВ (ВИЧ) инфекциясын жұқтырғанын жүкті кезінде білген

237

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Психолог Рая Мамедованың мойнына ауыр міндет жүктелді. Оның емделушісі жүктіліктің 12-ші аптасында ВИЧ инфекциясына шалдыққанын білген. Жас әйел диагнозына сене алмай отыр. Ал психолог оны тыныштандырып қана қоймай, вирусқа қарсы ем қабылдауға көндіруі қажет.

“Кей аналарды: – Тым болмағанда босанғанға дейін дәрі іш. Кейін сөйлесеміз, – деп көнідерімз. Егер әйел препараттарды қабылдайтын болса, дені сау баланы өмірге әкеледі. Егер де ұмытып не болмаса қаламаса – баланың сау болуына ешкім кепіл бере алмайды”, – дейді Рая Мамедова.

Бала індетті үш кезеңде жұқтырып алуы мүмкін: жүктілік, босану және емізу. Статистикаға сенсек, 50% жағдайда балалардың ағзасына вирус босану кезінде, ал 20% жағдайда емізу кезінде беріледі екен.
Он айдың ішінде аймақты ВИЧ инфекциясын жұқтырған 44 ана босанған.

Олардың 31-і диагноздары туралы жүктілік кезінде білген.

“ВИЧ инфекциясы анықталған әйелдердің ішінде көпбалалы аналар да бар. Олардың ішінде күйеуі таза, ал өзі ВИЧ-ке шалдыққан әйелдер де жоқ емес. Эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп жатыр, алайда көп жағдайда әйелдер некеден тыс қатынасқа түскендерін мойындай бермейді”, – дейді СПИД-пен күрес орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов.

Айта кетейік, соңғы 11 жл ішінде аймақта ВИЧ жұқтырған 535 әйел сәби босанған. Олардың 320-сы ұзақ уақыт емделгеннен кейін есептен алынған. Өкінішке қарай, 15 баладан ВИЧ инфекциясы анықталған. Қалған 200-ге жуық бала дәрігерлердің бақылауында.

Дәрігерлер жыныстық қатынас кезінде инфекцияны жұқтыру қаупі әйелдерде жоғары екенін ескертеді. Бұл ағзаның физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз