Шығыс Қазақстан облысында қылмыс әлемінде „Көксекер„ деген лақап атпен танымал адамның отбасына шабуыл жасалды. Салдарынан үй иесінің жиен қарындасы қаза тапты, тағы екі адам ауруханаға жатқызылды.
Бұл қайғылы оқиға 28 маусым күні Үржар ауданы Таскескен ауылында болған деп жазады Today.kz.
“Қылмыс 21:00-ге таман болды. Жеке үйден адам қолынан көз жұмған 19 жасар қыздың денесі табылды. Сонымен бірге жергілікті ауруханаға осы үйден 60 жастағы үй иесі мен оның 84 жастағы анасы жеткізілді”, – деп хабарлайды баспасөз қызметінен.
Пышақ жарақаттарын алған зардап шегушілер Өскемендегі облыстық ауруханаға ауыстырылды. Көз жұмған қыз үй иесінің жиен қарындасы, ол Красноярсктен туыстарының үйіне қонаққа келген болатын.
“Қыздың денесін үйіне келген кезде үй иесінің ұлы көрген. Факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция қылмысқа қатысты тұлғаны анықтады, шабуылдаушыларды іздеу басталды”, – дейді Бақытжан Торғаев.
Пышақпен қаруланған топ басып кірген үйдің иесі сол маңайға белгілі. Ақпараттанған мәлімет көзіне сенсек, 60 жастағы Секен қылмыс әлемінде беделді адам. Оны “Көксекер” атап кеткен екен, осы жылы көктемде ол 15 жылын өткізіп, түрмеден босап келген.
Анонимнің айтуынша, 28 маусым күні кешке зардап шегушінің есігін біреулер қаққан, иесі көп ойланбай есік ашқан, осыдан кейін оқиға орын алды. Қылмыскерлер қыз бала мен екі зардап шегушіні қинаған, одан кейін есікті шегелеп кетіп қалған. Полиция келіп жеткенде Секеннің әлі есі болған және шабуылдаушылардың бірінің атын айтып үлгерген.
Қылмыстың себептері анықталуда. Тонау болды деген нұсқа расталмады, дейді мәлімет көзі. Оның айтуынша, Секеннен “бұрынғы істері үшін кек қайтарылған”.