Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Әшімбаев: “Сәләфизм – бұл идеология. Оған жайдан жай тыйым сала алмайсың”

Депутаттың айтуынша, елімізде лаңкестік әрекеттердің жиілеп кетуіне тек ішкі істер минстрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен прокуратура органдары ғана жауапты деп ойлауға болмайды.

«Иә, аталған күш құрылымдар ондай әрекеттерге жол бермеуі керек. Дегенмен, жауапкершіліктің жүгі бүкіл қазақстандық қоғамға түсіп отыр. Соның ішінде азаматтық қоғам институттары, білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар және тағысын тағы. Бұл дегеніміз, біз бәріміз сол қауіп-қатерлердің алдын алуын ойлауымыз қажет. Өз идеологиямызды күшейтуіміз керек», – деп атап көрсетті халық қалауылысы.

Айта кетейік, күзде депутаттар діни бірлестіктердің қызметін реттеуге арналған заң жобасын қарауды жоспарлап отыр. Бұған дейін Baq.kz тілшісіне сұхбат берген теолог Досай Кенжетайдың сөзіне қарағанда, сәләфизмге тыйым салынса, елімізде қантөгістер болуы әбден мүмкін. Дегенмен, Қазақстанның күш құрылымдары осы бастамаға дайын болса, аталған ағымға ешбір қиындықсыз тыйым салуға болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз