Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Шекарааралық аудандардың жері бүтіндей мемлекеттің меншігінде болуы тиіс – Мұхтар Құл-Мұхаммед

Басқа аудандардың жағдайы жайлы қолында толық ақпарат жоқ екенін алға тартқан комиссия мүшесі, әсіресе Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан, Үржар аудандары, Алматы облысындағы Алакөл, Жаркент, Нарынқол аудандарының жерлеріне алаңдайтынын айтты.

– Шекараның аузында отырған осы жерлерге ертең түрлі жағдайлармен шетелдің азаматтары болмаса да, кейбір әдейі жасырынған адамдар арқылы шетелдік компаниялар кіріп кетпеуі үшін, мен атаған бес ауданның жері түгелдей мемлекеттің меншігінде болуы керек деп есептеймін. Ауданның саны бесеу-ақ болғанымен, Еуропаның бірнеше мемлекеттері сыйып кететін жерлер. Сондықтан, жаңа заң жобасына осы ұсынысты енгізуді өтінемін,- деді Мұхтар Құл-Мұхаммед

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз