Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Сақ болыңыз! Шымкентте «Халық санағынан» келген ұрылар ұсталды

Халық санағын жүргізіп жүргендерін айтқандар зейнеткердің бар жиған-тергенін ұрлап, із суытқан.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Арнайы шұғыл-тергеу тобы құрылды, деп хабарлайды ОҚО ІІД баспасөз-қызметі.

Көп ұзамай күдікті екеу қолға түскен. Олар жастары 30-ға таяған Қостанай облысының азаматтары болып шығады. Қазір полиция ұрылардың өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Бірақ тінту барысында олардан ақсақалдан ұрланған қомақты қаражат табылмапты.

Полиция халықты сақ болуға шақырады. Бейтаныс адамдардың есік қағуына қатаң қарауға үндейді. Құнды дүние-мүліктерді адам қолы жетпейтін жерде сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ әлеуметтік қызметкерлер ретінде келген азаматтардың құжатын тексеріп, нақтылау керектігін ескертеді. Ал мұндай қылмыстарға куә болған азаматтарды бейжай қарамауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз