Беларусь президенті Александр Лукашенко 2018 жылғы қысқы Олимпиадада биатлон эстафетасында жеңіске жеткен биатлоншы қыздарды марапаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Беларусь президентінің жарлығымен Динара Әлімбекова, Надежда Скардино, Дарья Домрачева және Ирина Кривконы “Жеке ерлігі үшін” орденімен марапаттады.
https://kaz.365info.kz/khazakh-khyzy-dinara-alimbekova-olimpiadada-belorussiyaga-altyn-medal-aperdi-303666
Белорусь биатлоншылары 22-ақпанда әйелдер эстафетасында үздік атанып, өз еліне Пхенчхан Олимпиадасының екінші “алтынын” сыйлады.
Биатлоншыларды Беларусь президенті Александр Лукашенко құттықтап үлгерді. Мемлекет басшысы қыздарды “Жеке ерлігі үшін” орденін тапсырды,
ал Әлімбекова, Скардино мен Кривко еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды.
“Қыздар, сіздер нағыз ерлік жасадыңыздар! Әрқайсыңыз ел намысы сынға түскен сәтте аянып қалған жоқсыздар”, – деді Лукашенко.
Динара Әлімбекова 1996 жылы Қазақстанда туған. Әкесі – қазақ, анасы – беларусь. Олимпиада чемпионы үш жасында отбасымен бірге Беларуске көшіп кеткен.