Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ҚР Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі атыс-шабыс видеоларға түсініктеме берді

– Ақтөбе қаласында мамыр айының басында «Атлас Синема» кинокомпаниясы «Спецназ» және «Арлан» атты сериалдарының түсірілімін бастады. Қала көшелеріндегі түсірілім кезінде арнайы эффектілер қолданған болатын.

Бұл ақпарат аймақтық басылымдардың сайттарында, сондай-ақ осы жылдың 4-5 мамырында әлеуметтік желілерге таратылған. Жарнама мақсатында сериал актерлері көшелердегі қаруланған бір топ адам, автомат атыстары сияқты сюжеттік желідегі видеоларды әлеуметтік желілерге салған, – деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

5-маусым күні бәзбіреулер Ақтөбедегі қос қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Облыста антитеррорлық режим жарияланып, арнайы операция нәтижесінде 4 қаскөйдің көзі жойылып, тағы жетеуі қолға түсті.

Ал облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарын сақтық танытуға шақырды. Облыс әкімі қазір Ақтөбеде жағдай тұрақты екенін айтты.

Сенатор Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Твиттердегі жеке парақшасында лаңкестер өте қатаң жазаға тартылады деп жазды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз