ҚР ІІМ хабарлауынша, Ақтөбеде қылмыскерлер Ұлттық гвардияның әскери бөлімшесі мен қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасады. Атыс барысында алты адам қаза тауып, 11 адам жараланды.
Ақтөбедегі атыстың себебі екі қару-жарақ дүкені мен әскери бөлімшеге жасалған шабуыл болғанын Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Алмас Садубаев растап берді.
Шабуыл жасағандардың үшеуі қаза тапты, біреуі жарақат алды. Бірнеше қарақшы қашып құтылса, тағы бірнешеуі қоршауға алынды. Алдын-ала мәліметтер бойынша, шабуыл жасағандардың радикалды діни ағымдарға қатысы бар.
Алмас Садубаевтың хабарлауынша, оқиғаға қатысты жағдай Ішкі істер министрлігінің бақылауында тұр.
https://youtu.be/_KflWNAgOWg