Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Петропавлда бензин тиеген көлік су қоймасының үстіне ілініп қалды

Петропавлда 8-ақпанда шамамен сағат 19-15 уақытында 33 тонна бензин тиеген «Терминаловское» ЖШС-ға тиесілі «МАН» автокөлігі қауіпті қиылыста бұрылған кезде шайқалып, „Қазсушаруашылығы„ мемлекеттік мекемесінің Есіл өзеніндегі су қоймасының темір қоршауына келіп соғылып, ілініп қалды. Көліктің рөліндегі 28 жастағы жүргізушісі қатты зардап шеккен жоқ.

Петропавл қаласының полицейлері жол апаты орын алған жерді лезде қоршауға алып, жол қозғалысын реттеуді өз қолына алған. Төтеншеліктер өртенбес үшін «Бензовоз» тіркемесін көбіршікпен бөгіп тастады. Жанар-жағармай ағып, суды ластамас үшін ондағы сұйықтықты басқа бензовозға сорып, құйылды.

9-ақпанда сағат 00-20 уақытында құлаған көлік апат орнынан алынып, жақын маңдағы автотұраққа жеткізілді. Жол апаты кезінде «МАН» автокөлігіне айтарлықтай зиян келген.

„Қазсушаруашылығы„ мекемесінің Есіл өзеніндегі Петропавл су торабына зақым келген жоқ, жұмыс тоқтаған жоқ. Зардап шеккендер де болмады, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Билялов.

Жол апаты фактісі бойынша, көлік жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз