Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Павлодарлық полицейлер арақ құйылған пластикалық шөлмектерге толы жүк көлігін ұстады

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды.

Полиция капитаны Рымбек Мағзұмов, старшина Азамат Жомарт және аға сержант Мейіржан Смағұлов 24 жастағы павлодарлық тізгіндеген “ГАЗ-3310” автомобилін тоқтатқан.

– Тексеру барысында салон мен жүк салғыш бөлігінде этил спиртінің иісі мүңкіген пластикалық шөлмектер анықталып, 800 шөлмек алынды. Көлік иесінің тасымалдаған жүкке қатысты құжаты болмаған, – деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментіндегілер.

Нәтижесінде автокөлік айыппұл тұрағына жеткізіліп, жүк толы көлік есігіне құлып салынып, тәркіленді. Тексеру материалдарын полицейлер Павлодар облысы мемлекеттік кірістер департаментіне жолдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз