Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Павлодардың қақ ортасында атысқандар ұсталды

Қазіргі кезде ұсталғандардан жауап алынып жатыр. Қажетті сараптамалардың барлығы тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полициядағылар жараланған ер адамның бұрын бірнеше рет сотталғанын айтады. Сонымен қатар, ол тергеуді жаңылдырмақ болған.

“Зардап шегуші жанжалдың шынайы себебін және қашып кеткендердің тұлғасын жасырып, тергеуді шатыстырмақ болды”, – дейді аймақтық ІІД өкілдері.

Зардап шеккен 33 жастағы азаматтың бетін оқ жанап өткен, арқасына да оқ тиген. Алайда оның жарақаттар өміріне қауіпті емес көрінеді. Ер адамның айтуынша, жанжал көлік тұрағындағы орынға таластан туындаған.

Күдіктілерді ұстау үшін қалада арнайы жоспар жарияланды. Атысқа қатысушыларды ұстау үшін Павлодар облысымен қоса, Астана мен Ақмола облысының, сондай-ақ Ресейдің Омбы облысы мен Алтай өлкесінің құқық қорғаушылары тартылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз