Павлодардағы „Халық„ радиосы „Жар-жар„ жобасының қорытындысын шығарды. Жобаның бас жүлдесі – қаладағы „Ақ отау„ мейрамханасында тегін той өткізіп, Тайландқа демалуға бару мүмкіндігін Азат пен Жазира атты жұп ұтып алды.
Шоудың жүргізушісі Диана Бақтығалиеваның айтуынша, радио тыңдармандарының басым бөлігі Азат пен Жазираға дауыс (1570) берген. Енді дәл осы жұп тікелей эфриде үйленетін болады.
Жас жұбайлардың тойына кететін барлық шығынды бағдарламаның демеушілері көтереді. Жастар шақырту билеттерінен бастап, той көйлегі мен костюм, асабаға ұсынылатын қаржы жайлы да қайғырмайтын болады.
ІІ-орында 1159 дауыс жинаған Николай мен Надежда тұр. Оларға туристік фирмадан 25 мың теңге жеңілдік ұсынылады. Бұл сомаға жастар Қазақстанда немесе шетелде демала алады.
ІІІ-орында 1037 дауыс алған Біржан мен Айланаға да 15 мың теңге жеңілдікпен кез келген жерде саяхатқа шығуға болады.
Татьяна мен Даниил 994 дауыс жинап, IV-орынға тұрақтады.
V-орынға 986 дауыс жинаған Руми мен Дарья жайғасты.
Ең соңғысы болып Алексей мен Александра 826 дауыс жинаған.
Павлодардағы жергілікті „Халық„ радиосында кез келген адам бағын сынай алатын «Жар-жар» жобасының 1 ақпан күні тұсауы кесілді.
Байқауға қатысуға 550 қыз бен жігіт өтініш берген. Нәтижесінде 25 жұп өз теңін тауып, оның алтауы ғана соңғы мәреге шықты.
Жеңімпаздарға Instagram әлеуметтік желісінің қолданушылары дауыс берген. Марапаттау рәсімі бүгін сағат 15.00-де “Ақ Отау” мейрамханасында өтті.