Павлодарда екі күнге созылған ІІ республикалық педагогикалық оқулар өз мәресіне жетті. 16 аймақтың мұғалімдері бақ сынаған бұл жарыста «Ең үздік команда» аталымы Астана қаласының ұстаздарына бұйырды.
-«Бастауыш білім беру» аталымында алматылық Бекзат Нысанбаева мен павлодарлық Жанар Жақсылықова топ жарды. «Орта білім беру» аталымында алматылық Айгүл Елікбаева, қарағандылық Медет Сейтбек пен Құралай Мұханова жеңімпаз атанды.
«Қосымша білім беру» мен «Техникалық және кәсіптік білім беру» аталымында астаналық Брониславас Бугинас, Нұрзат Байбосынов пен Жаннат Мылтықбаеваға тең келер ешкім болмады. Ақмолалық Айсұлу Шаяхметова жоғарғы білім беру бойынша, шығысқазақстандық Алма Әубәкірова, Бақтыгүл Келдібаева, Тұрсынгүл Шайхынова педагогикалық менеджмент бойынша көш бастады, – деді «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығының кафедра жетекшісі Роза Әшімбетова.
Ыбырай Алтынсаринның 175 жылдығына арналған педагогикалық оқулар барысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әмірхан Рақымжанов өңір ұстаздарымен «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде кездесіп, бірқатар білім нысандарын аралап шықты.