Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Патрик Аллотей жылап жіберді. Жаттықтырушысы ойын әділ болмады дейді

222

Еске сала кетелік, Қанат Ислам мен Патрик Аллотейдің жекпе-жегі Алматыда 29-қазанда өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Бәске екі титул тігілді: WBA Fedelatin және орта салмақтағы алғашқы WBO Intercontinental.

Боксшылар 12 раунд бойы жұдырықтасты. Оның қорытындысы бойынша барлық әділқазы бір ауыздан дауысты Қанат Исламға берді. Сөйтіп ол екі бірдей титулды ұтып алды. Жекпе-жектен соң Аллотей киім киетін жерде өміріндегі үшінші жеңілісі үшін қатты өкініп, жылады. Асаридың айтуынша, бұл нәтиже әділ болмады.

– Әділетсіздік болды. Бұл Патриктің өмір бойы дайындалған жекпе-жегі еді. Бұлай еш жерде, ешқашан болған емес. Мен мұндай бассыздықпен бірінші рет бетпе-бет келіп тұрмын.

Осыдан кейін Қазақстан туралы жақсы көзқарасымның күл-талқаны шықты. Менің сөзім жоқ”

– деді Аллотейдің жаттықтырушысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз