Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Өз адамдарым”. Алагөзова фильмге таныстарын түсіруінің себебін айтты

“Егер мен расында тек ақшаны ойлайтын болсам, жылына 2 кинокартинадан түсіретін едім. Тіпті, 3-4 түсіруге де болады. Бірақ біз үлкен экранға 5 жыл бойы дайындалдық. Соңғы рет “Осторожно, корова” фильмін ұсындық. Содан бері маған ешқандай шабыт келмеді, идея болмады. Нарыққа тек ақша табу үшін келгім келмеді. Бұл картинаға барымды салдым”, – дейді Мақсатқызы.

 

https://kaz.365info.kz/sharualaryn-bolmasyn-bayan-khyzdary-turaly-zhelidegi-pikirge-zhauap-berdi-video-305618

 

Аталған кинокартинада Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсынғали Алагөзов, КешYou тобының экс-әншісі Кәмшат Жолдыбаева, қазіргі әншісі Элизат Берікова, “Алау” тобының солистері бой көрсеткен. Продюсер фильмге тамыр-таныстарын түсіруінің себебін түсіндірді.

“Кез келген рөлді алып шыға алатын Элизат барда, басқа қызды іздеп қайтемін? Жасыратыны жоқ Элизаттың да, “Алау” тобы жігіттерінің орнына да кастинг болған жоқ. Себебі мен оларға сендім. Олар артистер, камерадан, сахнадан, көрерменнен қорықпайды. Мен үнемі тек өз балаларымды таңдаймын.

Мен Американы ашып жатқан жоқпын. Біріншіден, бұл жерде арзан шығады деген сөз емес, ол менің өз жобаларыма құйған инвестициям. Менің барлық әртістерім тек фильм арқылы нағыз жұлдызға айналған. Өз ақшамды өз әртістеріме құятындай мүмкіндік тұрғанда, басқа адамды шақырып, оған ақша төлеудің не қажеті бар? Бұл қалыпты нәрсе”, – деп түсіндірді Мақсатқызы.

Дерек көз Stan.kz.

 

https://kaz.365info.kz/yyatsyz-khyz-bayannyn-khyzy-kupalnikpen-suretke-tysipti-305983

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз