Астанада қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменовтің немересінің өліміне себепкер болған көлік жүргізушісі полиция полковнигінің қызы болып шықты.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Айтуларынша, 53 жастағы полковник қызының қатысы бар жол апатынан кейін еңбек демалысына шығып кетіпті. Ал кінәсін толық мойындаған Мәлика Мұхитованың, сараптама қорытындысы бойынша, көлікті сау күйінде жүргізгені анықталды. Қазір ол 600 мың теңге кепілақы беріп, бостандықта жүр. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.
“Жүргізуші Мұхитованың ата-аналары бізге тергеуге араласып, ешқандай қарсылық, ешқандай наразылық білдіріп жатқан жоқ. Тергеушілер тек қана заңды түрмен істі жүргізіп, жақында бітіреміз деген сондай мақсатымыз бар”, деді Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары.