Әлеуметтік желіден Дәурен деген жігіттің мына бір жазбасын оқып, шошып қалдым. Көңіл-күйім біртүрлі болып кетті. Сізге де қатты әсер етері анық. Оқып көріңізші:
«Жақында студенттер асханасында отырып, көрші факультетте оқитын бір әдемі қызбен танысып қалдым.
https://kaz.365info.kz/medkolledzhde-okhidy-eken-astanadagy-khazakh-khyztekeleri-18-291422
Қасы-көзі қиылып, денесі бұралып-ақ тұр. Керемет. Тек дауысы ғана сәл гүрілдеп шығады екен.
«Темекі тартатын шығар, дауысы содан өзгерген болар», деп ойлап қойғанмын. Арамызда жылы қарым-қатынгас орнап, жақсы дос болып кеттік. Бір күні кеште оны құшақтап тұрып, сүйетінімді айттым. Жұбымыз жазылмай бірге қыдыратын болдық. Тек құшақтасқан кезде ол тайсақтай береді. Сонысына қарап, «мынау пәк, таза қыз болды ғой. Қыздығын жар төсегіне сақтап жүрген шығар», деп ойлап қоямын.
Біраздан соң ол бетіме қарап отырып, маған неге тұрмысқа шыққысы келмейтінін жайып салды.
Оның айтқанын естіген мен өз-өзімнен шошынып, өз-өзімнен жиіркеніп, оның бетіне бір түкіріп бұрылып кеттім. Неге дейсіз ғой? Айтайын.
Қызым деп сүйіп, үйленейік деп жүргенім – жынысын ауыстырған ер бала болып шықты.
«Кішкене кезімнен қыз болып өсуді армандадым. Әпкелерімнің помадасын ерніме жағып, пудраларымен бетімді ағартып, майысып сөйлеп, бұралып жүру дағдыма айналды. Кейде үйде ешкім жоқта әпкелерімнің көйлек, юбкаларын киіп айна алдында жүретін болдым.
Әйтеуір қыз болып жаралмағаныма өкінетінмін.
Менің ер балаға тән емес әрекеттерімді байқаған мектептегі балалар мені «қызтеке» деп мазақтайтын.
Содан болар, ер балалар маған жоламайтын еді. Достарым тек қыз балалар болды. Әйтеуір ішкі түйсігімде «қалай қыз болуға болады» деген бір ой тұрды.
Мектеп бітіріп қалаға келген соң бірден оқуға түсе алмадым. Амалсыз жұмыс істеуге тура келді. Сөйтіп жүріп, осы қалада (Алматыда) адамдардың жыныс мүшесін ауыстыратын жер бар екенін біліп, іздеп таптым. Бірақ қомақты ақша екен.
Тапқанымды жинап жүріп, ақыры ота жасатып, қыз бала болып шыға келдім.
Одан кейінгісі белгілі ғой. Шаш өсірдім, тырнақ өсірдім, беті-басымды жөндеттім дегендей. Ақыры жігіт бұрылып тұрып қарайтын «сұлу қызға» айналып шыға келдім.
Атым Айбек еді, қазір Аида деп өзгертіп, басқа құжат алып алғанмын. Мұнымды біліп қойған ағам ауылдан арнайы іздеп келіп, көзімен көріп, шашымнан сүйреп жүріп тепкілеп, өлімші етті.
«Көрмегеніміз сен болсын. Біз үшін өмірде жоқсың. Бізді ұмыт» деп қарғап кетті.
https://kaz.365info.kz/ystap-korejinshi-tok-shouga-kelgen-khyzteke-erlan-renzhip-khaldy-foto-291717
Бір ай үйде ауырып жаттым, есімді жидым. Одан универге түстім. Қазір соңымнан жүгіріп жүрген жігіт көп. Олардың ешқайсысы менің сырымды білмейді. Білсе, жүгірмес еді. Соның бірі сенсің.
«Үйленейік» деп болмаған соң, бар сырымды айтып отырмын. Кешір».
Бұл Айбек-Аида қыздың айтқаны. Осы оқиғадан кейін араласып жүрген, тіпті ұнатып қалған қыздарға күдікпен қарайтын болдым.
«Аузы күйген үріп ішеді» деген осы. Универді бітіремін. Әке-шешем, «дипломмен қоса, қызыңды алып кел. Қос тойды бірақ жасайық», деп қояды.
Бірақ мен қорқып жүрмін. «Үйленейік деп ұсыныс жасаған қызым тағы да мен қыз емес, еркек едім, жынысын ауыстырған. Кешір мені», деп тұратын сияқты. Қорқам».
Бұл Дәуреннің жазбасы.
Оқып шығып сіз де біртүрлі болған шығарсыз. Жақында ғана теледидардан Алматыдағы қыз теке, жыныс мүшесін айырбастағандар жайында бір бағдарлама көріп, жаман болып қалып едім.
Мынау тіпті шошытты. Біз не болып барамыз, ағайын?
https://kaz.365info.kz/kyjeuim-gejdin-yrgashysy-bolyp-shykhty-250142
Айқын Сүлеймен
Мақала VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда