Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қобда тұрғыны қылмыскер тығылған сарайын көрсетті

122

Артық ештеңе ойламаған үй қожайындары қонақтарын үйге кіргізіп, дастархан жайған.

«Таңғы сағат алтыда полиция қызметкерлері келіп, ұйқымыздан оятты. Мені бірден тергеуге алып, сарайға тығылып қалған адам жайлы сұрады. Мен ол туралы мүлде білген жоқпын. Ол адамды көрген де емеспін. Мен қайдан білейін, Гүлімнің күйеуі олармен бірге келіп сарайда тығылып жатқанын. Олар бізге айтпастан, мұны әдейі жасады. Мұндайларын білгенде, тіпті үйге кіргізбес едім», – дейді қобдалық Сүндетов.

Жантас Сүндетов полиция бөлімшесінде өзінен басқа тағы бірнеше отбасы үйіне жасырын кірген қонақтар бойынша тергеуге алынғанын айтады.

«Біз қазақылыққа саламыз да келген қонақтан күдіктенбейміз ғой. Енді басыма тиіп отыр. Олардың бір зияны тиіп кетуі мүмкін еді ғой», – дейді тұрғын.

5-маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, соның салдарынан ондаған адам қаза тапқанын еске салалық. Қазақстанның барлық аумағында террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адамның көзі жойылды, тағы төртеуі жараланды, алты лаңкеске іздеу жарияланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз