Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Оңтүстіктен Солтүстікке көшкен 30 отбасы жұмыс табатындарына сенімді

Сарыағаш аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Шірінбек Ешанқұловтың Азаттыққа айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысының Шоқан Уәлиханов және Ақжар аудандарына қоныс аударып бара жатқан 30 отбасындағы жандарға жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында квота бойынша қаржы бөлінеді.

“Мысалы, отағасына 105 мың теңге, ал отбасының әрбір мүшесіне 75 мың теңге шамасында қаржылай көмек беріледі. Бұл тек қана көшіп барғанда бір реттік берілетін көмек. Көшіп барғандар мүмкіндігінше баспанамен, жұмыспен қамтамасыз етілетін болады”

– дейді шенеунік.

Халық тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстан аймағынан егін және мал шаруашылығын дамытуға жұмыс күшіне сұраныс бар елдің солтүстік өңіріне қоныс аудару басталғанына үшінші жыл.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, биыл жыл басынан бері Сарыағаш ауданынан 140 мүшесі бар 28 отбасы Солтүстік Қазақстанға көшіп кеткен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз