Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
10
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Оңтүстік халқы Баян-Өлгей қазақтарына қол ұшын созды

Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған дейін қазақстандық белсенділер арнайы қор құрып, атажұрттан алыстағы қандастарға көмек қолын созған болатын. Алыстағы қандастарға алғашқы көмек өткен аптада Астанадан жолданған. Қоғам белсенділері Аятжан Ахметжан мен Амангелді Құрметұлы өз қолдарымен тапсырып беру үшін Баян-Өлгийге жол тартқан.

Ал бүгін шырайлы Шымкенттен аттанған керуен облыс кәсіпкерлерінің демеушілігімен 7 тоннаға жуық ұн, 1 тонна макарон, 1000 банкі маринадталған қияр, 5000 дана шұлық және тағы басқа да азық-түлік тауарларын алып кетті.

Сонымен бірге, еріктілердің облыс тұрғындарынан жинаған 3 млн. теңгесі селден зардап шеккен ең тұрмысы нашар деген 5 отбасыға тұрғын-үй салу үшін құрылыс материалдары сатып алынады деп жоспарланған.

Гуманитарлық көмекті Баян-Өлгей аймағына «Бізбен бірге» қоғамдық қорының төрағасы А.Аңдабаев өзі табыстап қайтатын болады.

Атажұрттан жырақтағы қандастардың жағдайына алаңдаған облыс әкімі Б.Атамқұлов өз тарапынан қолдау көрсетсе, облыс әкімдігінің қызметкерлері бір күндік жалақыларын қандастарымыз үшін аударған. Және бір айта кетерлігі әкімшілік кедендік құжаттарды рәсімдеуге, Баян-Өлгейге апаратын жүкті тиейтін көлік мәселесін және басқа да ұйымдастырушылық жұмыстарға қолдау көрсетті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз