Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
7
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Әнші, продюсер, кәсіпкер Болманов енді ғалым атанды

Компания ғылыми-өндірістік ошаққа айналуда. Ғалымдарымыз да бар, алғашқы оқу-әдістемелік кешеніміз де дайын болып қалды. Дәл осы мәселеге орай мен Мәскеуде диссертация қорғадым. Бүгін мен Ресей Ғылым академиясының профессоры атандым. Біз өз кеңістігімізді, өз мәдениетімізді, әсіресе, идеологиялық кеңістігімізді қорғауымыз керек.

Бүгін, әсіресе “Ұлытаудың”  мерейтойлық концерті алдында  еңбегімнің еш кетпегендігін сезініп отырмын. 20 жылдың ішінде мен әншілер мен жобалардың тұтас армиясын қалыптастырдым деп айта аламыз. Кейде мұның барлығына да қалай үлгергенімді түсінбеймін де”, – деді ол.

Осы ретте ол өзінің шығармашылық жолы жайында кітап жазып жатқандығын да атап өтті.

“Мен қазір кітап жазып жатырмын. Кейде бұралаң, кейде қиын, енді бірде тамаша жетістіктерге жол ашқан Америкадағы, Еуропадағы, Гран-придегі концерттерімізге көз жүгіртсем, Алла тағаланың біздің ұмтылысымызды елегені-ау деген ойға кетемін. Тіпті, біз Королева орденін де алдық”

– дейді Қыдырәлі Болманов.

Айта кетейік, “Ұлытау” этно-рок тобы 6 шілдеде – елорда күнінде “Алау” мұз сарайында концерт өткізеді. Келушілер “Ұлытау” тобы, Қарақат Әбілдина мен Қыдырәлі Болмановтың орындауындағы ерекше жарықтандырудың сүйемелдеуімен жаңа және ескі әндерді тыңдайды. Мерейтой иелерін шығармашылықтағы әріптестері мен достары да құттықтайды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз