Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Неліктен барлығы балабақшаларды ашуға жауапкершілік алғысы келмейді

330
Сурет: news.co.jp

Балабақшаларға қатысты шенеуніктердің ұстанымы қазірге түсініксіз болып тұр. ТЖ режим тоқтатылды, адамдар біртіндеп жұмыстарына оралуда. Алайда балабақшалар әлі де жабық, балаларды қалдыратын жер жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігі барлық проблемадан бас тартып, олардың шешімін санитарлық дәрігерге қалдырды. Ал олар жай ғана карантин кезінде балаларға арналған мекемеге қойылатын талаптар тізімін шығарды. Бірақ бұл тізім бір ғана мақсатпен, ешкім орындай алмайтындай шығарылған секілді.

Карантин және саналы әрекет: санитарлық дәрігерлердің билігін күшейтудің ақыр соңы не болмақ?

 Саясаттанушы Данияр Әшімбаев

«Маған бұндай орындалмас талаптарды карантинді барынша созу үшін шығарып отырған секілді көрінеді» деді.

Айта кетерлігі,  бас санитарлық дәрігердің өзі

Неліктен сауда-ойын-сауық орталықтары мен мейрамханаларға жұмыс істеуге болады, ал балабақшалар тоқтап тұрады?

деген қарапайым сұраққа қалай жауап беру керегін білмейтінді

Америкада  балабақшаларға қатысты жағдай бұдан бетер түсініксіз. Бірақ онда былықтың себебін түсіндірді.

Тек медициналық қызметкерлердің балаларына ғана

АҚШ-тың федералдық үкіметі мекемелерді ашу, олардың жұмыс істеу туралы шешімді штаттардың, елді мекендердің және тіпті балалар орталықтарының жекелеген иелерінің өз билігінде қалдырды.

Бұл бүкіл ел бойынша әр апта сайын  өзгерген түрлі шешімдердің пайда болуына әкелді. Дьюк университетімен байланысты білім беру саласындағы зерттеу тобы барлық Штаттардың бала күтімі бойынша ережелері мен ұсыныстары туралы толық есеп жариялады. Мысалы:

Калифорния

Күтім көрсететін орталықтар негізгі сала қызметкерлерінің балалары үшін ғана жұмыс істейді. Негізінен бұл медицина қызметкерлері, коммуналдық және әлеуметтік қызмет мамандары. Топтың көлемі 10 балаға дейін шектелген.

Иллинойс

20 наурызда барлық орталықтарды жауып тастады. Медициналық қызметкерлер мен коммуналдық қызмет қызметкерлерінің балаларына күтім жасау бойынша шұғыл лицензиялары барлар ғана жұмыс істей алады. Мұндай орталықтар әр елді мекенге бір-бірден ғана.

Оңтүстік Каролина

Штат билігі балаларға арналған  орталықтарға

«Қызмет көрсетуші ретінде  мекемені ашу немесе ашпауға қатысты шешімді өзіңіз қабылдайсыз» деп хабарлады. Қазіргі уақытта штатта топ мөлшері бойынша шектеулер жоқ.

Wall Street Journal хабарлағандай, сәуір айында бүкіл ел бойынша балалар орталықтарының жартысынан астамы толық жабылды.

Карантин кезінде балабақшалардың жұмысын қайта бастауға ешкім жауапкершілік алғысы келмей отыр

Нәтижесінде миллиондаған отбасы қиындыққа тап болды. Олар өмір сүру үшін ақша табу керек, бірақ бабаларын қалдыратын жер жоқ. Берклидегі Калифорния университетінің жанындағы Балаларды қамту орталығының (CSCCE) бағалауы бойынша осындай жағдайға 9 миллионға жуық ата-ана тап болған.

Неліктен біржақты шешім жоқ

Бұл сұраққа  CSCCE директоры Леа Остин жауап берді.  VOХ басылымына жағдайға қатысты пікір білдіріп, былай деді:

«Біз күрделі таңдаудың алдында тұрамыз. Бұндай жағдайға бұрын ешкім тап болған жоқ. Ешкім балалар орталығын жаба алмайды. Адамдар  балаларын бағу үшін ақша табу керек. Бірақ ешкім  балалар орталығын ашып, жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейді. Біз жаңа вирус және оның балаларға әсері туралы ештеңе білмейміз. Ал салдары қазірге қарағанда апатты болуы мүмкін.

Чикаголық медицина университетіндегі балалардың жұқпалы аурулары бойынша маманы Эллисон Бартлетт  CNN-ге мынандай пікір білдірді:

«Біз жаңа вирус туралы ештеңе білмейміз. Бірақ біз кішкентай балалар басқа респираторлық вирустардың негізгі таратушылары екенін жақсы білеміз. Сондықтан, қазір  балалар COVID-19-дың  қуатты векторы деп болжам жасауға себеп бар».

Бұл ретте Бартлетт балаларға арналған орталықтың жабылуы немесе CDC талаптарын орындау проблеманы шешпейді деп атап өтті.

«Балалардың арасында инфекциялар тіпті гигиеналық талаптарды қатаң сақтаған  күндізгі күтім орталықтарында да пайда болады. Орталықтарда вирустың таралу қаупін төмендету  үшін біз қабылдай алатын шаралар бар, бірақ олар ешқашан вирусты түпкілікті жоймайды. Өйткені 99% жағдайда инфекция сырттан келеді».

Коронавирус және балалар — бұл туралы не білеміз?

COVID-19 -дың кішкентай балаларда асқыну деңгейі төмен болса да, ауру оларды айналып өтпейді. Балалар арасында коронавирусты жұқтыру және өлім-жітім көрсеткіші төмен… бірақ кейбіреулері бәрібір жұқтырады және кейбіреулері көз жұмуда.

«Барлық жастағы балалар COVID-19-ды тез жұқтыратыны анықталды», деп жазды  қытайлық «Педиатрия» журналында сәуір айында жарияланған мақаланың авторлары.

Олар коронавирус жұқтырған 2 100-ден астам баланың деректерін талдады. Зерттеуге қатысқан балалардың  бір жасқа дейінгі балалардың 7%-ы интенсивті терапияны қажет етті (6 жастан 10 жасқа дейінгі балаларда 0%).

 

Сонымен қатар, бұрын ешқашан ауырмаған болса да, вирус табылған балаларда асқынған қабыну процестері анықталғаны туралы хабарламалар жиі кездесетін болды.

Нью-Йорк штатында бұндай асқынған ауру 100-ден астам баладан анықталды. Кем дегенде үшеуі қайтыс болды.

Ең бастысы — кішкентай балалардың қаншасы ауру белгілері байқалмаса да,  КВИ тасымалдаушысы болуы мүмкін деген сұраққа нақты жауап жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз