Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Карантин және саналы әрекет: санитарлық дәрігерлердің билігін күшейтудің ақыр соңы не болмақ?

145
сурет zik.ua сайтынан алынды

1 мамырда Қазақстанның бас санитарлық дәрігерлері арнайы мемлекеттік органдарға теңестірілген функциялар мен артықшылықтарға ие болды

Өңірлерде қандай да бір мекемелердің жұмысына қойылатын шектеу шаралары мен талаптар тізімі бар арнайы қаулылар жедел түрде шығарылды. Мысалы, Алматыда, әлі ашылмаған балабақшалардың жұмысын қайта бастауға рұқсат алу үшін ақылға сыймайтын шаралар тізімін орындау талап етілді.

Карантин кезінде балабақшалардың жұмысын қайта бастауға ешкім жауапкершілік алғысы келмей отыр

Бұл тізім үнемі өзгеріп отырады, сондықтан балабақша директоры жаңа жағдайға бейімделіп үлгермеуде.

Санэпидқызметтің билігін кеңейткеннен  бизнестің мойнына тағы қандай жүк  артылады? Саясаттанушы Данияр Әшімбаев осыған қатысты өз болжамдарын білдірді.

Санитарлық эпидемиологиялық қызметтің үш кемшілігі

— Данияр, қалай ойлайсыз, санитарлық дәрігерлерді құқығын кеңейту туралы шешім дұрыс қабылданды ма?

— Санэпидқызмет жұмыс істеген жылдары үш кемшілігі болды. Біріншісі —уақытша дәрігер синдромы. Соңғы 15 жылда СЭС тұрақты түрде өзгеріп отырды. Ол бірде дербес құрылым болса,  бірде әкімшіліктің, бірде Денсаулық сақтау министрлігінің және оның салалық комитетінің қарамағында болды. Кейін қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне тапсырды. СЭС кейін «Монополияға қарсы тұтынушы» біріккен комитетіне тапсырылды. Ақыр соңында қызмет қайтадан Денсаулық сақтау министрлігіне беріліп, бір комитет аясында жұмыс істеді.

Сондықтан да әркім өз білгенін жасап қалғысы келді. Себебі мансабының өсетініне және тұрақты жұмыс істей алатына ешқандай сенім жоқ еді

Сондықтан, билігі кеңейген санитарлық дәрігерлер оны барынша қолданғысы келді. Бұл екінші синдром әкімшілік желігу деп аталады. Жаңа өкілеттілік алған адамдар жанына басқару тобын жинап, мағынасыз билік етеді. Көздерін жұмып отырып, жаңа нормаларды қабылдай береді. Содан кейін орталыққа шағымдар ағыны түсіп, позиция түзетіледі. Бірақ көп ұзамай жоғарыдан  сөгіс жариялап, төменнен қысым көрсеткеніне қарамастан бәрі қайтадан басталады.

Данияр Әшімбаев

Ең сорақысы, шешім қабылдау кезінде мемлекеттік органдар өзара келісіп жұмыс істемейді. Алматыда саяжайға баруға рұқсат беру мәселесі шешілген кезде, әкімдік талаптардың бір тізімін бекітті, жедел штаб — екінші, полиция — үшінші. Бұл бірінші рет емес.

Әр аймақ өз алдына қисынсыз басқару шешімдерін қабылдады. Ведомствалар қолына ысқырық пен таяқ алып, ойынға өз ережесін енгізгілері келді. Бұнда

үшінші синдром сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындады

Біз ережелерді шамадан тыс қатайтқанда адамдардың ерте ме, кеш пе оларды бұзуға мәжбүр болатынын білеміз. Біреулер амалсыздан, басқасы білместікпен, ал үшіншілері — барлық ақылсыз талаптарды орындауға күші жетпегендіктен бұзады. Талаптардың қаншалықты орындалғанын тиісінше оны құрастырған адамдар тексереді. Сондықтан кейбір мәселелерге көзді жұмып қарай алады. Әрине ол үшін сыйақы алатыны да анық.

Жандарбек Бекшиннің келгенге дейін Алматы санитариясында не болғанын бәрі жақсы біледі.

Аш отыра алмайсың ғой

— Оның келуімен де небір жайттар болып жатыр ғой. Балабақшаларды ашуға қойылатын талап тізіміне қарағанның өзі жеткілікті.

— Өкінішке орай, бізде басқа қызметкер жоқ. Бекшин ең жақсы нұсқалардың бірі болды. Бұрынғы әріптесімен салыстырғанда, оның тәжірибесі бар.

Менімше, балабақшаларға қойылатын талаптарға келер болсақ, карантинді барынша ұзарту үшін  осындай шаралардың қабылдануы дұрыс секілді. Әрине, олардың бәрі бірдей өз нәтижесін берген жоқ. Сонымен қатар, олар бизнестің едәуір бөлігін көлеңкеге түсіреді. Жақында менің үйімнің жанында

жұмыс істемей тұрған мейрамхананың 2 қабатында жарық жанып тұрды. Көлік тұрағына 40-қа жуық көлік қойылған. Ал кіре берісте күзетші жеткізушілерді қабылдаған сыңай танытты. Ал мекеме жасырынып жұмыс істеді

Барлығы адамдардың «жабық тұрған» шаштаразға барып жүргенін  де көрді. Бұл төтенше жағдай режимі мен карантин шарттарының бұзатыны түсінікті. Бірақ адамдар ең алдымен табыс табуды ойлайды. Мемлекеттен берілетін 42500 теңгені, біріншіден, барлығы бірдей ала алмайды, екіншіден, барлығы бірдей бұл сомаға өмір сүре алмайды.

Сол себепті, тамағын табу үшін көбі карантинді бұзуға мәжбүр болды. Сонымен қатар, карантинге қарамастан, белгілі бір қызметтерге сұраныстың тоқтамайтыны айқын көрінді. Биліктің тәртіп бұзушыларды іздеу  және жазалау әрекеттері біздің басқару жүйесіндегі көптеген проблеманы көрсетті.

СЭҚ соңғы аптада ғана емес, соңғы айларда да, тіпті соңғы жылдары да жақсы жұмыс істеген жоқ. Бұл тоқтаусыз жүргізілген реформалардың салдары. Білім беру, денсаулық сақтау және цифрландыру саласындағы проблемаларды қайта қарау керек екенін түсінеміз. Бұл елдегі экономикалық жоспарлау мен әлеуметтік дамудың басқа жүйелеріне де қатысты.

Қолдан келгенше қорғап жатырмыз

— Неліктен жүйенің кемшіліктерін түзеп, олардың халыққа жағымсыз әсерін төмендетуге болмайды? Билік «сендерді қорғауға кедергі келтірмеңдер» қағидасы бойынша әрекет етеді.

— Жоқ, олай емес. Сол 42 500 теңгенің  бөлу қағидасы қанша рет өзгерді? Бұл жүйеде адамдар жылдар бойы жұмыс істеп, ережелер мен құжаттардың ыңғайлы жиынтығын әзірлеген сияқты еді. Жәрдемақы төлеу жүйесін бір күнде жасалады. Өтінішті онлайн қабылдау алгоритмдерін өңдеуге тағы 2-3 күн жұмсуға болады. Қателіктерге жол беріп, бірден жұмыс алгоритмін реттей алмады. Ақыр аяғында кішкене болса да жұмыс істеген жүйені жасап шығарды. Ал ол мүлдем жұмыс істемей қалуы да мүмкін еді.

Карантин ақыл-ой сынға түскен сәт болды, сондықтан індеттің шынайылығы мәселесіне да қатысты пікірталас туындады

Осындай жағдайда әркім пайда табуға тырысады. Көптеген ведомствалар да солай жасайды

Менің ойымша, шешім қабылдайтын адамдар барлық шектеулерді жақсы түсінеді. Олардың өздері де шаштараздарға, ал  балалары балабақша мен мектептерге барады. Бірақ шенеуніктер  билікті пайдаланбау өзіңе жасалған қиянат деп түсінеді.

Вирустың өршіп тұрғанына қарамастан, денсаулық сақтау министрлігі жақында «мемлекеттік-жеке меншік серіктестік» қағидатында ескі ауруханаларды бұзып, жаңасын салғысы келетінін хабарлады. Бұның неге алып келетінін біз жақсы түсінеміз.

Қазір ауруханалардың құрылысы бойынша жан-жақты ойластырылмаған шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Оның орына денсаулық сақтау мекемелерін жекешелендірудің ақыр аяғы не болды деген мәселені талдау пайдалырақ болары сөзсіз

Соның ішінде ғылыми институттарды жекешелендіруге беру туралы да ойланған артық болмас.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек,  өте қызықты жағдайда боламыз. Естеріңізде болса, ең үздік батыстық әдістемелерін сүйеніп жұмыс істегісі келгендер аз болмады. Енді оларда не болып жатқанын көріп отырмыз. 2019 жылы Италия мен Испанияның денсаулық сақтау жүйесі әлемдегі ең үздік деп танылды. Ал Ресей 95 орында болды. Бүгін не болып жатқанын бәріміз көріп, байқап отырмыз.

Медицинаны кім басқарады?

— Бұл біздегі басшылардың ақыл-парасаты аз дегенді білдірмейді ғой?

— Мен жақында денсаулық сақтау министрлігінде басқару лауазымдарында жұмыс істеу үшін дәрігердің үш жыл еңбек өтілі болса жеткілікті. Ал аймақтық денсаулық сақтау басқармаларында екі жыл да жетеді жеген статистиканы жарияладым. Мен денсаулық сақтау министрі температураны өлшеп, дәрі егуді білуі керек деп айтпаймын. Бірақ бұл сандар саланың керемет негізгі кәсіптен алшақтап кеткені туралы айтады.

Медициналық ведомстваларды кәсіби дәрігерлер емес, реформаторлар: басқару, мемлекеттік сатып алу және жоспарлау бойынша мамандар басқарады

Нәтижесінде  ақылсыздық пен тиімсіздіктің ғажайыптарын көрсетіп жатқан жүйеге тап болдық.

Қазақстанда адамдарға дәрігерлерге қарағанда, дәріханалар  жақынырақ. Халық өз бетімен дәрілерді сатып алуды үйренді. Сондықтан рецептілерді міндеттеу туралы талапты енгізу көзбояушылық секілді.

Қаңтар мен ақпан айларында дене қызуын көтеріп, ауыр белгілермен өтететін белгісіз бір инфекция тарады

Алайда, «жедел жәрдем қызметі» адамдарды ауруханаға жатқызған жоқ, ал дәрігерлер  ауруға  ресми диагноз қоя алмады. Халық өз бетімен ем іздеп, аман қалды. Барлығы парацетамолды ішуге болатынын білді және оның қол жетімді екенін білді. Ал бұл препарат  рецептімен беріліп,  Еуропа елдеріндегідей  қымбат болса не боларын елестетіп көріңізші?

Дәрі-дәрмектердің бірыңғай бағасын енгізген кезде жеке ауыл дәріханалары қатты зардап шекті. Жұмыс істеп тұрған, халыққа пайдасы тиіп тұрған қызметті қыспаққа алудың қажеті қанша?

Дәріханаларға дәрі-дәрмекке үстеме ақы белгілеуге тыйым салынды. Нәтижесінде олар көптеген препаратты сатып алуды тоқтатты.

Қандай да бір реттеуші схемаларды ойлап табу әрекеті кей кезде ақылға қонымсыз болып жатады. Сондықтан Денсаулық сақтау ісін дипломдары бар реформаторлар емес, практикалық жұмыс тәжірибесі бар адамдар басқаруы тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз