ТЖ режимін 11 мамырда тоқтатқанына қарамастан, балабақшалардың өз жұмысын қашан бастайтыны әлі де белгісіз.
Балабақшалардың өзіне оншақты бөлімнен тұратын қатаң талап қойылды, оны тіпті ең қазымыр директордың өзі орындай алмайды
Санитарлық дәрігерлердің өзі кереғар бастамалар мен мәлімдемелер жасауда. 365info медиапорталына Алматыда қашаннан бастап балабақшалар жұмыс істейтіні туралы «Дочки-сыночки» бақшасының директоры Ольга Бутко айтып берді.
— Карантиннен кейін балабақшаларды ашу туралы не белгілі? Түрлі ақпарат жариялануда, ал балалар әлі де үйде отыр
— Мен балабақша директорларының чатына қосылғанмын, әріптестерімнің қандай да бір ақпарат алуға тырысып жатқанын көріп отырмын. Олар жедел штабқа, білім беру басқармасына, әкімшілікке, санитарлық эпидемиологиялық қызметке хабарласуда.
Барлық жерде бақшалардың жұмысын қайта бастауына рұқсат беретін бұйрық та, қаулы да шыққан жоқ деп жауап қатуда. Яғни, бізге әлі жұмыс істеуге рұқсат берген жоқ
Қандай талаптар қойылатынын сұрастырып көрдік. Бізге бірнеше талап болады, соның ішінде аудиттен өту керек деп жауап берді. Бірақ ешқандай нақтылық жоқ. Барлығы ауызша түсіндіреді. Берген ақпараттарының ішіндегі ең пайдалысы — жаңалықтарды бақылап жүріңіздер дегені болды. Бірақ жаңалықта жұмысты қайта бастауға болады деп хабарланды. Яғни, жұмыс істеуге болады, бірақ болмайды, әйтпесе айыппұл салып, жауып тастауы мүмкін.
— Ол қандай айыппұл?
— Егер жұмысты аудиттен өтпей бастаса, шағын бизнеске салынатын айыппұл мөлшері — 100 АЕК (277 800 теңге — ред.), орта бизнес үшін — 200 АЕК (555 600 теңге — ред.) болады.
Аудиттен өту үшін не істеу керек екенін де анықтауға тырысудамыз, бірақ оған қатысты да нақтылық жоқ. Егер билік бақшадағы еденнің жуылғанын тексеруге келетін болса, олардың логикасы маған түсініксіз болады.
Мемлекеттік ресурстарды балабақшаларда еденнің жуылғанын тексеру үшін жұмсаудың қаншалықты қажеттілігі бар, олардың күнделікті жуылатыны онсыз да белгілі емес пе? Карантин енгізілмей тұрып та солай болған
Егер аудит дегеніміз санитайзерлер, бетперде мен қолғаптардың және басқа да қорғаныс құралдарының тізімінің болуы болса, біз бұндай ақпаратты да бере аламыз. Бұндай заттарды базарлардан алмаймыз ғой, қолымызда шот-фактура бар.
Қорғаныс құралдарының алғашқы тізімі бізді қатты таңғалдырды. Ол бойынша әр қызметкерге шумаға қарсы костьюмдер, күніне үш бетперде және 3 жұп қолғап, бір реттік бас киімдер берілуі керек. Мен есептеп көріп едім, штатта 12-15 қызметкері бар бақша айына жарты миллионға жуық ақша жұмсайды екен. Кейіннен оны өзгертті, жоғары жағында белгілі бір ұйымның мәліметтері бар, алайда қол қойылмаған, мөр басылмаған тізім жіберді. Бұндай «құжаттарды» таратудың қаншалықты қажет екенін де білмеймін.
Жақында Нұр-Сұлтан бойынша ресми құжат шықты. Онда балабақшаларды жұмыс уақыты, топтағы балалардың саны, ТЖ режимі аяқталғаннан кейін жұмысын қашан бастайтыны көрсетілген нақты құжат. 18 мамырдан бастап астанада кезекші топтар жұмыс істейді. 25 мамырдан бастап толық режимде іске қосылады. Бірақ тағы бір назар аударатын мәселе бар, ата-аналар жұмысқа шақыртылғанын, балаларды қалдыратын жер жоқ екенін дәлелдейтін анықтама әкеліп тапсыруы керек.
— Балалар да қандай да бір анықтама тапсыру керек пе?
— Балалардың вирус жұқтырғандармен байланыста болмағанын растайтын анықтаманы тапсыруға қатысты да біз түсінбеген мәселе көп. Бірде анықтама керек десе, бірде керек емес дейді. Ал оны поликлиникалардан ғана алуға болады, ол жерге баруға тыйым салынғанын бәріміз білеміз. Балалар 2 ай бойы карантинде үйде отырды, яғни вирус жұқтырғандармен байланыста болған жоқ. Вирусты жұқтыру қаупі жоғары жерге оларды сүйреудің не қажеті бар.
Бұндай көзбояшылық үшін берілетін анықтамаларды учаскелік дәрігерден 500 теңгеге сатып алуға болады. Ол баланың вирус жұқтырғандармен байланысқанын немесе байланыспағанын да білмейді
Көріп отырғаныңыздай, түсініксіз, жарамсыз алгоритмдер өте көп, ал ақылға сыйатыны мүлдем жоқ.
— Қазіргі кезде ата-аналар тарапынан балабақшаға сұраныс қаншалықты жоғары немесе төмен?
— Ата-анасы шұғыл түрде жұмысқа шығуы керек болған, ал балаларды қалдыратын жері жоқ отбасылар 20%-ды құрайды. Бұл тығырыққа тірелген отбасылар. Қалғандары қашықтан жұмыс істеп, амалын табуда.
Алайда коммерциялық балабақшыалар үшін балалардың 20%-ының ғана келуі үлкен соққы
Егер біз жұмыс істегіміз келсе, онда жалға алу ақысы мен жалақыны толық көлемде төлеуге тура келеді. Балалардың 20%-ының келуі бұл шығындардың орнын толтырмайды.
Кезекші топтарды ашу ұсыныстары да тиімсіз. Кезекші топқа екі тәрбиеші, бала күтуші, аспазшы, медбике, еден жуушы, директор шығуы тиіс. Яғни, кезекші топқа қызмет көрсетуге бір-екі тәрбиешіден басқа, барлық құрамы шығады.
Жеке меншік бақшалар 10 пайыздық маржамен жұмыс істейді. Табыстың 90%-ы барлық шығынды жабуға жұмсалады, тек 10%-дан табыс түседі. Яғни, бұл жағдайда ұжымды қажетті қолғаптар мен бас киімдермен қамтамсыз ету мүмкін емес.
Балабақшаға тек дені сау балаларды қабылдайтын болсақ, бізге қолғаптың не қажеті бар? Ауырып тұрған балаларды қабылдамаймыз ғой
Біз өзіміздің де, балалардың да қолын жуамыз. Біздің жұмысымыздың мына бір бөлігін мысалға келтіруден жалықпаймын. Егер топта 15 бала болса, олар күніне кем дегенде 15 рет үлкен дәретке барады. Яғни 15 қолғап кетеді. Қолғапты жуып пайдалануға болмайды, оларды ауыстыру керек. Олар күніне 5 мезгіл тамақтанады. Бұл тағы 5 жұп қолғап.
Ашылған жағдайда тағы бір талап қойылады —
төсектер бір-бірінен бір метр арақашықтықта болуы керек екен. Бұның мәнісі неде? Балалар күні бойы жақын араласады, бір үстелде отырады,
бір ойыншықпен ойнайды. Олар балалар ғой! Осының бәрінен кейін төсектерін бір метр қашықтықпен қоюымыз керек пе?
— COVID-19-ға тест тапсырған балаларды ғана қабылдаңдар деген талаптар жоқ па?
— Әзірге бұндай талап болған жоқ. Егер қойылатын болса, ол бомба болады. Алайда бұндай талдауларды қызметкерлер тапсыруы керек деген сыбыс бар. Тағы да бұның мәні неде? Барлығы карантинде үйінде отырды емес пе?
Мұның бәрі не үшін жасалып отырғанын түсінемін. Ешкім өзіне жауапкершілік алғысы келмейді
Бізге жіберілген қағаздардың бірінде карантин режимі кезінде кәсіпорынын ашқаны үшін жауапкершілік басшыға жүктеледі деген мәлімет бар.
— Жауапкершілік деп нені айтып отыр?
— Ол да түсініксіз. Тек жауапкершілікті өз мойынына алып жұмысты қайта бастайды деген жолдар бар. Жалпы алғанда жаздың соңына дейін барлық жерде бетперде тағып жүру режимін енгізсе болды емес пе?