18+
Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
12
USD
387.34
+0.57
EUR
428.44
+1.18
RUB
6.04
+0.04

«Мұның қалай?..». Димаш Құдайбергеннің қолдауынан бас тартқан Данэлия сынға қалды

Димаш Құдайберген Лондонда өткен концертінен түскен қаржыны Данэлия Төлешованың “Евровидение” байқауындағы шығынын өтеуге жұмсамақ болды.

Бұл туралы министр Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі айтқан болатын. Алайда көп ұзамай Данэлияның шығынын “Хабар” агенттігі көтеретіні белгілі болды, деп жазады Stan.kz.

Себебі о бастағы келісім бойынша солай болатын. Десе де, көрермен қауым мұны теріс түсінуде. Instagram желісінде оқырмандар Данэлияға Димаштың қолдауы жайлы сансыз сұрақтар жолдауда.

«Негізі, біз…». Данэлияның продюсері сырын айтам деп, шынын айтты (видео)

“Маған қаржылық қолдау көрсеткісі келгені үшін Димашқа алғысым шексіз. Бірақ та менен қарағанда қаржыға әлдеқайда мұқтаж балалар көп. Ал менің шығындарымды ата-анам мен туыстарым да өтей алады, Құдайға шүкір”, – деп жауап берді Данэлия.

Әйткенмен екі араға от салушылар мұнымен тоқтамады. Олар Данэлия арқылы жарнамаға кенелді деп оның бар шығынын өтеген “Хабар” агенттігін кінәлады. Оған Данэлия:

“Достар, барлықтарыңызға түсінікті болу үшін айтайын, “Хабар” менің байқауға қатысуымның төлемін өтеді, ал ол өте қымбат. Барлық команданың барып келуін, сонда тұруын қамтамасыз етті. Ал менің туыстарым номердің қойылуын төледі”, – деп жауап берді.

«Тұзға саламыз…». Димаштың анасы ұлының ауырмас үшін не істейтінін айтты

“Димаштың қолдауы мен үшін өте маңызды. Оған да, барлық қазақстандықтарға да алғысым шексіз”, – деп түйіндеді сөзін Данэлия.

«Дауысы дірілдеп кетті…». Димаш Лондон сахнасында жылап қалды (видео)