Димаштың Лондағы концерті алдында ауырып қалғанынан құлақтанған жанкүйерлері мен барша қазақ алаңдап кетті.
„…Концерт алдында әр өңірдегі климаттың түрлілігіне байланысты Димаш біраз суықтап қалса да, сан алуан елден арнайы концертіне келген тыңдармандарының үмітін ақтап, көңілінен шығу үшін жан-тәнімен өнер көрсетті.
«Бірлесе көтерген жүк жеңіл» демекші, концерттің жүзеге асуына атсалысқан барлық әріптеске шын көңілден алғыс айтамыз! Концерттен түскен қаражатты Димаш өз қалауымен жас таланттарды қолдау қорына аударғысы келетін ниетін білдірді» деп жазған еді Қанат Айтпаев.
«Ауырып тұрса да…». Димаштың әкесі Лондондағы жайсыз жайтты айтты (видео)
Бұдан соң желідегі көпшілік Димашқа тез сауығып кетуін айтып, өз тілектерін жаудырды. Көз тиюі мүмкін деген көпшіліктің бір парасы оған қорғанудың ақыл-кеңестерін де берген. Міне, осылайша алаңдап қалған қам көңіл жұртты Димаштың анасы сабырға шақырды. Сөйтсек, ата-анасы да, ата-әжесі де Димаштың тіл-көзден қорғануына әрдайым қам жасап жүретін боп шықты.
“Әрине, тіл-көзден сақтану керек. Димаш тұзды суға жуынады. Арасында әжесі түйреуіш қадап қояды. Өзінің тағатын тұмарлары бар.
Сахнаға шығар алдында міндетті түрде сүрелер оқиды. Кез келген концерт не байқаудың алдында құраны мен сүресін оқып шығады”, – дейді анасы.
«Дауысы дірілдеп кетті…». Димаш Лондон сахнасында жылап қалды (видео)
Света Айтпаева туған жерін сағынып жүрген Димаштың алдағы күндері BBC телеарнасына сұқбат беретіндіктен сол жақта кідіретіндігін жеткізді.
Жұмыс жоспары тығыз әншіні енді Мәскеуде өтетін концерт күтіп тұр.
Айта кетейік, 19 қараша күні Димаш Құдайбергеновтың Лондон төрінде дүркіретіп концерт өткізген болатын.
«Димаш құтқарып қалды…». Сәбет одағының қорлығын көрген әйел бәрін айтты