Қазақстандағы Eurovision бас продюсері Жан Мұқанов Балалар Еуровидениесіне қатысқан Данэлия Төлешованың өнеріне қатысты пікір айтты.
“Даусыз талантты, кішкентай жұлдызымыз Данэлия Қазақстан атынан алғаш рет Балалар ЕВРОВИДЕНИЕСІНЕ – әлемдік аренаға шықты. Осының өзі тарих.
Бірінші рет барып, біз ең үздік жетіліктер қатарынан көріндік! Бұл да үлкен жетістік.
Негізі, менің жеке пікірім, біз алғашқы үштікте болуымыз керек еді”, – деп жазды Мұқанов.
Жан Мұқанов қазақстандықтарға, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа алғыс айтты.
«Тұзға саламыз…». Димаштың анасы ұлының ауырмас үшін не істейтінін айтты
Байқауда жиырма мемлекет атынан балалар өнер көрсетті. Данэлия “Өзіңе сен” атты ән орындап, көпшіліктің көңілінен шықты. Әнші қыз байқауда 6-орын алды.