Бүгін, 1 қыркүйек – білім күніне орай Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов алғашқы ұстазын еске алып, 1-сыныптағы суретін әлеуметтік желіге жариялады.
Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
«1-ші қыркүйек 1972 ж, менің #АлғашқыҰстазым—Миляева Валентина Алексеевна, Целиноградтағы №1 мектеп», – деп твиттердегі жеке парақшасында жазған Үкімет басшысы білім күніне арналған осынау акцияны бастап беріп, өзгелерге «тарихпен бөлісейік» деген ұсыныс тастады.