Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Мұндай бәйбішені қалай тастайсың? “Тоқал” фильмінде басты рөлді сомдаған актрисаның “тәтті” суреттері

499

Гаухар Нұртас бұл кинода рөл ғана сомдамаған, сонымен бірге, жобаға жетекшілік еткендердің бірі. Ол фильмнің бас продюсері. Яғни, қаржы-қаражаттан актрисаның өзі тапқан.

Гаухар осыдан 12 жыл бұрын АҚШ-қа көшіп кеткен. “Тоқал” фильмі оның халықаралық деңгейдегі алғашқы жобасы екен.

“Фильмді Қазақстанда ғана емес, Қырғызстан, Әзірбайжан, Моңғолия және Түркияда көрсетеміз” дейді Нұртас.

Талай жыл Америкада тұрған оның айтуынша, тоқал тақырыбы барлық елдерге тән екен. Тек оның атауы басқа.

Айталық, АҚШ-та мұны “үйленген тәтті папа” деп айтады.

“Қазіргі өмірде тоқалдың орны мен рөлі өзгерген. Оны көңілдес деп қабылдау басым. Негізінде бұл дұрыс емес. Тоқал да отбасының бір мүшесі” дейді Гаухар Нұртас.

Гаухар Америкаға кино әлемінде бағын сынап көру үшін барған. Алайда ол жақта үлкен рөлге ие болу үшін, сол фильмді түсіретін басшылардың қойнына жатып шығу керек екен.

“Жоғары деңгейдегі салмақты рөлдерге қол жеткізу үшін ол жақтағы аға-көкелердің көңілін табу керексің. Маған үш рет осындай ұсыныс жасады. Көнсең, жақсы рөл ұсынамыз деді. Мен үш ретінде де бас тарттым” дейді ол.

Ал “Тоқал” фильмін түсіруіне отбасылық жағдайы әсер етіпті.

“Менің апайым осы жағдайды бастан өткерді. Жасы 45-жеткенде отбасының ойраны шықты” дейді ол.

“Айтпақшы, фильмге танымал Голливуд жұлдызы түскен. Оның кім екенін, қандай образды сомдайтынын кинодан көресіз” дейді Гаухар Нұртас.

Айтуынша, шын өмірде ол бұған көнбес еді. “Бәйбіше болу менің табиғатым мен мінезіме сай емес”, – дейді  ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз