Мадридтік “Реал” шабуылшысы Криштиану Роналдудың басына бұлт үйірілді. Салық төлеуден жалтарғаны үшін одан 8 млн евро өндіріп, өзін 12 айға түрмеге тоғытуы мүмкін, деп жазады “Р-Спорт”.
Роналду осы әрекеті үшін түрмеге қамала ма, жоқ па, оны экономикалық қылмыстар жөніндегі Мадрид прокуратурасы шешеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Испанияның жоғары соты Лионель Мессиге қатысты үкімін бекіткен болатын. Сот Мессиді 21 айға бас бостандығынан айырды.