Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Коронавирустан кейін: дамушы елдерді алда қандай сценарий күтіп тұр?

314
Сурет: Pixabay
Әлемде коронавирус пандемиясына қатысты жағдай күннен-күнге ушығып барады. Бұл дегеніміз, дамушы елдердің көпшілігі ұлттық экономикалық дағдарысқа тап болады деген сөз.

Жұма күні ХВҚ 2020 жылғы әлемдік өсудің 4,9%-ға қысқаруы мүмкін деп болжады. Бұл сәуір айында болжанғаннан  1,9%-ға төмен.

«Соңғы болжамға сәйкес вирус жұқтыру деңгейі төмен елдерде 2020 жылдың екінші жартысында әлеуметтік жіктелудің орын алатынын көрсетеді. Сонымен қатар, өнімділіктің құлдырауынан және тоқтату шараларының нәтижесінде іскерлік белсенділікке үлкен соққы жасалады.

Вирус жұқтыру деңгейін бақылауға алуға тырысып жатқан елдерде ұзық уақытқа созылған шектеу шаралары экономикалық белсенділікке қосымша зиян келтіреді»,

— делінген ХВҚ хабарламасында.

Бұрынғыдан да нашар

ХВҚ-ның айтуынша, «ұлы бұғаттау» жаһандық экономиканы синхрондалған рецессияға ұшыратуы мүмкін. Бұған дейін әлем мұндай жағдайға тап болмаған еді.

«2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы қандай ауыр болса да, экономикасы дамыған 11 елге ғана елеулі әсер етті», — деп мәлімдеді  Дүниежүзілік банктің бас экономисі Кармен Рейнхарт Bloomberg Global Invest-тің осы аптада өткен саммитінде.

Оның пікірінше, бұл жолы экономикасы дамыған елдер тап болатын проблемаларды дамушы елдер мен нарықтарға төнетін қауіппен салыстыруға да келмейді.

«Мұндай елдерде түрлі амал-әрекет жасауға мүмкіндік беретін фискалдық кеңістік жоқ. Яғни, карантиннің салдарына қарсы тұратын қаражат жоқ, — деді Рейнхарт.

— Әлем табысы құлдыраған елдер мен нарықтарға қолдау көрсете алмайды. Егер сіз туризм есебінен табыс тапсаңыз, қазір туризм саласы құлдырады.  Егер сіз тауарларға сүйеніп отырсаңыз, тауарлар экспорты мен көлемі қысқарады. Ал

егер сіз шикізат сатсаңыз, шикізатттың сұраныс мен бағасы бірге төмендеді. Барлығының қашан қалпына келетіні де түсініксіз»

Басқаша айтқанда, АҚШ, Еуроаймақ және Жапония сияқты экономикасы дамыған елдер өз халқын қолдау үшін шексіз ақша сомасын алуға және беруге мүмкіндігі бар.

Ал дамушы елдер ХВҚ мен Әлемдік банк көмегіне жүгінуге мәжбүр.

Рейнхарттың айтуынша, халықаралық ұйымдар қазірдің өзінде рекордтық сомада көмек көрсетіп, несие берді. Ал ары қарайғы қаржыландыруы екіталай.

«Халықаралық қауымдастықтың мұншалықты қуаты жоқ», — дейді сарапшы.

Болашақта не болары белгісіз

Алдағы жағдайдың қиын болатыны туралы рейтингтік агенттіктер де айта бастады. Мәселен Fitch сәрсенбі күні Канаданың кредиттік рейтингін төмендеттті. Бұл агенттіктің наурыз айынан бастап тәуелсіз рейтингін төмендеткен 24-мемлекет.

Сонымен қатар, 2 маусым күнгі жағдай бойынша дамушы елдердің 30%-ының  рейтингтері теріс мәнге дейін төмендеп кетуі мүмкін. Рейтингі жоғары тәуілсіз компаниялардың  50%-дан астамы да осыған ұқсас жағдайда.

«Бұл рекордты жыл болды», — дейді Fitch директоры Келли Биссетт-Том .

Рейтингтерінің төмендеуі кейбір елдердің қолайлы инвестициялық деңгейіне әсер етуі мүмкін. Ал бұл дегеніміз олардың мемлекеттік қағаздарын сатып алатын инвесторлар азаяды деген сөз. Сонымен қатар,

мемлекеттік құнды қағаздардың бағасын қымбаттатып, ары қарай қолжетімділігін төмендетеді. Бұл елді дефолт жағдайын алып келуі мүмкін

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз