Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-11
USD
525
+1.07
EUR
553
+2.48
RUB
5.14
+0.13

Көп балалы аналарға не білу керек: салық, балабақшалар, мектептер. 3 бөлім

5302
Фото: MillionCredits.ru

356Info медиапорталы табысы төмен азаматтар жүгіне алатын мемлекеттік көмек туралы әңгімелейді. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын біз атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй алу туралы жазған болатынбыз.

Салықтық “демалыс»

Келесі жылдан бастап көп балалы отбасылар салық жеңілдіктеріне сенім арта алады.

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде көпбалалы ата-ананың біреуіне ай сайын 23 АЕК салық шегерісі қарастырылған, деп түсіндірді.

Алайда, ата-ананың екеуін қоса алғанда жылдық салық шегерісі 282 АЕК-тен (736 866 теңге) аспауы тиіс.

Ведомствода атап өткендей, жеңілдіктер күнтізбелік жылдың басында төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға ғана қолжетімді болады. Мұны туу туралы куәліктердің көшірмелерін фискалдық органдарға ұсына отырып, құжатпен растау қажет.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдан бастап елде жеке тұлғаның салық шегерімдерін пайдалану туралы өтініш нысаны қабылданды.

Заңнамалық норма 2020 жылдың қаңтарынан бастап қолданылатын болады. Ол үшін ата-аналар өз жұмыс берушісіне жеңілдік беруге өтініш жазуы тиіс.

Балабақшалар

Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектепке дейінгі жастағы балалар кезексіз балабақшаға орналаса алмайды. Алайда, Қазақстанда белгілі бір “артықшылықтар” көзделген және бұл мәселеде — көп балалы аналарды “бірінші кезекте” қарастыру мәртебесі берілген. Бұл мемлекеттік мекемелерге қатысты. Жеке меншік балабақшалар төлем бойынша жеңілдік беруге дайын.

Мысалы, Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент сияқты ірі қалаларда ата-аналары балабақша үшін кез келген төлемнен босатылған. Көмек жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Жеңілдікпен кезекке тұру үшін келесі құжаттар қажет:

• өтініш;
• көп балалы ана куәлігі;
• ата-анасының біреуінің жеке куәлігі;
• барлық балалардың туу туралы куәліктері.

Мектептегі жеңілдіктер

Қазақстандық жаппай оқу қоры есебінен көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар тегін киім-кешек пен аяқ киім ала алады. Сондай-ақ материалдық көмек “Мектепке жол” және “Қамқорлық” республикалық акциялары аясында көрсетіледі.

Оқушылар тегін түскі аспен, мектеп формасымен және кеңсе заттарымен қамтамасыз етілген. Олар балаларды сауықтыру лагерлерінде демалады.

Осындай көмек алу үшін көп балалы отбасына келесі құжаттарды жинау қажет:

• өтініш;
• атаулы әлеуметтік көмек алу туралы анықтама;
• отбасы табысы туралы анықтама (мұнда жалақы, алименттер, жәрдемақылар енеді);
• барлық балалардың туу туралы куәліктері;
• ХҚКО-дан ата-аналардың айналым тізімдемесі;
• тұрғын үй-тұрмыстық жағдайлар туралы акт.

Республикалық бюджеттен басқа көп балалы отбасыларды “жергілікті мекендерде” қолдау қарастырылған. Әкімдіктер өз қорлары есебінен коммуналдық қызметтерді төлеуге жеңілдік береді. Жер үйде тұратындарға “әлеуметтік” көмір қолжетімді. Сонымен қатар, осындай отбасылардың барлық мүшесіне қоғамдық көлікте тегін жол жүру ұсынылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз