Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-8
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Көп балалы аналарға не білу керек: пәтер алу, талаптар, құжаттар. 2 бөлім

9739
MskGuru

356Info медиапорталы табысы төмен азаматтар жүгіне алатын мемлекеттік көмек туралы әңгімелейді. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын біз атаулы әлеуметтік көмек жайлы жазған болатынбыз.

Қандай тұрғын үйге үміттенуге болады?

Қазақстанда 340 мың көп балалы отбасы тіркелген, олардың 31 мыңнан астамы тұрғын үйге мұқтаж ретінде әкімдіктерде есепте тұр.

Пәтерлер сатып алу құқығымен де, құқығынсыз да беріледі

Мемлекеттік бағдарламалар өңірлерге жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатып алуға 50 млрд теңгеден бөлуді қарастырады.

Қосымша шара ретінде көп балалы, толық емес отбасылар, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар үшін жеңілдікпен кредит беру енгізілді. Бұл қарыздар “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” арқылы жылдық 2% мөлшерлеме бойынша, 20 жылға дейінгі мерзімге, бастапқы жарна 10%-дан бастап беріледі. Бастапқы жарнаның бір бөлігі тұрғын үй сертификатымен жабылуы мүмкін.

Кредиттік механизмді жүзеге асыру үшін 150 млрд теңге бөлу жоспарлануда

2019 жылдан бастап балалардың тууы мен тәрбиесі үшін мемлекеттік марапаттармен белгіленген әйелдер бірінші кезекте пәтер алуға құқылы.

Тұрғын үй екі тәсілмен бөлінеді:

• коммуналдық тұрғын үй қорынан кезектілік тәртібімен;
• “Нұрлы жер”мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында.

Тұрғын үй алуға қойылатын талаптар

Аз қамтылған отбасыларға нақты көмек көрсету үшін өмір бойы жалға берілетін тұрғын үй беру көзделген. ҚР ИИДМ ақпарты бойынша, тұрғын үй ақысы елдегі ең төменгі төлем бойынша есептеледі. Шаршы метріне шамамен 300 теңгені құрайды.

Сонымен, көп балалы отбасылардың қайсысы жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады?

Өтініш берушілер мынадай талаптарға сай болуы тиіс:

• ҚР азаматтығының болуы;
• өтініш берген күні отбасының барлық мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің болмауы;
• отбасының әрбір мүшесіне айына ең төменгі жалақының бір көрсеткішінен аспайтын соңғы алты айдағы орташа табысының болуы (бұған мемлекеттік жәрдемақы кірмейді);
• неке бұзылған сәттен бастап үш жылдық мерзімнің өтуі (толық емес отбасылар үшін);
• отбасылық жиынтық табыстың болуы;
• төлем қабілеттілігін растау;
• тұрғын үйге мұқтаж мәртебесі.

Қатысу құжаттары

Егер әлеуметтік тұрғын үйге үміткер барлық қажетті параметрлерге сәйкес келсе, бағдарламаға қатысу үшін құжаттарды дайындауы қажет. Оларды әкімдіктерге тапсыруға немесе электрондық үкімет порталында тіркеуге болады. Соңғы жағдайда электрондық цифрлық қолтаңба қажет.

Құжаттар тізімі:

• коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтініш;
• жеке куәлік (түпнұсқа);
• hеспубликалық маңызы бар қалаларда үш жыл тұрғанын растайтын құжат;
• некеге тұру (бұзу) туралы (2008 жылғы 1 маусымға дейін), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейін), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейін) куәліктер;
• егер жалғыз тұрғын үй авариялық деп танылса, ЖАО-дан анықтама;
• отбасының әрбір мүшесінің соңғы 12 айдағы табысы туралы анықтама.

Ипотекалық қарыз

Сондай-ақ, көпбалалы отбасы “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” жеңілдетілген ипотекасы арқылы өздерінің тұрғын үй мәселелерін шеше алады.

Ол үшін кезекте тұрғандар отбасының әрбір мүшесіне жиынтық орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуы тиіс. Әкімдіктер тұрғын үй сертификаттарын ұсынады. Оларды бастапқы жарна ретінде пайдалануға болады.

Кредит беру шарттары:

• бастапқы және қайталама нарықтан тұрғын үй сатып алу;
• Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларында тұрғын үй сатып алу үшін берілетін қарыздың максималды сомасы 15 млн теңгеден аспайды:
• өзге аймақтарда — 10 млн теңгеден артық емес;
• кепілмен қамтамасыз ету талап етілмейді, оған сатып алынған тұрғын үй кіреді.

Жалға алынған пәтерден шығару

Әлеуметтік тұрғын үйге мұқтаж жандар келесі мәселелерді есте сақтаулары қажет.

Көп балалы отбасылар сатып алу құқығынсыз жалға берілетін пәтерлерде өмір бойы тұруға құқығы бар

Дегенмен, тұрғын үйден айырылып қалмас үшін белгілі бір шарттарды сақтаулары қажет.

Жалға беру шартының бұзуға себептер:

• алты ай ішінде жалдау ақысы төленбесе;
• коммуналдық төлемдер жүргізілмеген болса;
• мүлікті әдейі бүлдірген болса;
• пәтерді дүкен немесе хостел ретінде қайта жабдықтаса;
• үшінші адамдарға пәтерді жалға берсе;
• егер отбасы басқа пәтер сатып алса.

Келесі материалда біз көп балалы отбасылар балабақшадан қалай орын ала алатынын және қандай салықтарға жеңілдіктері барын айтамыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз