Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-8
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

Көп балалы аналарға нені білу керек: жәрдемақылар мен оларды алу ережелері. 1-бөлім

1441

356Info медиапорталы табысы төмен азаматтар жүгінуіне болатын атаулы әлеуметтік көмек туралы толығырақ баяндайды.

Жәрдемақыны кімдер ала алады?

Қазақстанда төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар көп балалы болып саналады. Бүгінгі таңда мұндай отбасылар саны 340 мың.

Жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алу үшін көп балалы қазақстандықтар мынадай іс-әрекеттер жасауы тиіс:

• ең алдымен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің онлайн калькуляторында АӘК алдын ала есебін жүргізуді ұсынамыз;
• тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО), ауыл тұрғындары үшін — жергілікті әкімдікке жүгіну;
• өтініш пен жеке куәлік дайындау — барлық деректер автоматтандырылған жүйе арқылы жиналады, сондықтан басқа құжаттар талап етілмейді.

Егер отбасының жиынтық табысы кедейшілік шегінен төмен болып, әр адамға кемінде 20 789 теңгені құраса, сіз АӘК-ке үміткер бола аласыз. Тағайындау кезінде тек жақын туыстар ескерілетін болады.

АӘК қалай есептеу керек?

Жиынтық табысты есептеу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есепке алынады. Алайда, арнайы жәрдемақылар, студенттердің шәкіртақылары және әкімдіктерден бір жолғы төлемдер табыс болып саналмайды.

Көрнекілік үшін біз АӘК-ті есептеудің мысалын ұсынамыз.

Ата-анасынан және бес кәмелетке толмаған баладан тұратын отбасын алайық. Жалғыз табыс отағасының жалақысы — 130 000 теңге. Бұл соманы отбасы мүшелерінің санына бөліп, әрқайсысына 18 500 — ден аламыз. Жан басына шаққандағы табыс кедейлік шегінен аз болғандықтан, отбасы атаулы әлеуметтік көмекке үміткер бола алады. Әр балаға 20 789 теңге, ал екі ересек адамға 4 578 теңге төленеді. Нәтижесінде, мемлекеттік көмек 100 000 теңге көлемінде болады.

Арнайы жәрдемақылар

Сонымен қатар, көп балалы отбасыларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 10 504 теңгені құрайды, бірақ 2019 жылдан бастап оны АӘК-пен біріктірді.

“Алтын алқа”, “Күміс алқа” және “Ана даңқы” орденімен марапатталған көп балалы аналарға ай сайын 16 160 теңге мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Олар көлік және жер салығынан босатылған.

Сондай-ақ, көп балалы отбасы төртінші және одан кейінгі бала күтіміне байланысты 22 473 теңге көлемінде жәрдемақы алуға құқығы бар, төртінші және одан кейінгі бала туғаны үшін бір реттік жәрдемақы алады — 159 075 теңге.

Өзге жеңілдіктер

Әйел бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасына дейін бақса 53 жаста зейнетке шығуға құқығы бар.

Айта кету керек, көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар мыналармен қамтылады:

• тегін ыстық тамақпен;
• көлікте жеңілдікпен жол жүрумен;
• мектеп формасы және керек-жарақтарымен.

Сонымен қатар, олар жазғы балалар лагерлерінде тегін демала алады.

АӘК 18 жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін болады. Алайда, егер олар күндізгі бөлімнің студенті атанса жәрдемақы 23 жасқа толғанша беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, жәрдемақы төлеу мынадай жағдайларда тоқтатылады:

• тұрақты тұрғылықты жерін Қазақстаннан өзге елге ауыстырған болса;
• алушы бас бостандығынан айырылған болса;
• жәрдемақы алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде тұратын болса;
• балалары қайтыс болса.

Келесі материалда біз көп балалы отбасылар жеңілдікті шарттармен жалға берілетін тұрғын үйді қалай ала алатынын айтамыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз