Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Үкімет әкімдерге Ұлттық қордың игерілмей қалған қаражатын қайта бөлуді тапсырды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары бірінші жарты жылдықта Ұлттық қор қаражатын көп игермеген аймақтар қатарында Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан мен Алматы облыстары бар екенін хабарлады.

Жекелеген бағдарламалар бойынша қаражат игерілмей қалмас үшін Бақытжан Сағынтаев республикалық бюджеттік бағдарламалар жетекшілеріне, әкімдіктерге қаражатты үшінші тоқсаннан төртінші тоқсанға барынша ауыстыруды, сондай-ақ байқау рәсімдерін қыркүйекке дейін аяқтауды тапсырды. Қаражатты толықтай әрі тиімді игеру үшін көш соңындағы аймақтар қаражаты белсенді жүзеге асырылып жатқан жобаларға қайта бөлінеді.

Бұдан бөлек орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктер мен ұлттық холдингтерге Ұлттық қор қаражатын мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз