Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
17
USD
447
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.79
0.00

Үкімет басшысы еліміздегі әуежайлардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда 20 әуежай тұрақты рейстерді қабылдайды.

– Біз мәселені айрықша бақылауда ұстап отырмыз. Сіздің тапсырмаңыз бойынша барлық әуежайларға барлық күнделікті тексеру желілерін күшейтуге нұсқау бердік. Қазір барлық әуежайларда бастапқы тексеру желісі бар. Әуежайлардың бүкіл төңірегіндегі қауіпсіздік шараларын Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып күшейттік. Күш құрылымдарымен бірге бірнеше кеңес өткізіп, барлық әуежайлардың қосымша тексеру, бейнебақылау құрылғыларына қажеттілігін анықтадық. Бұл ұсынысты Қаржы министрлігіне жібердік, апта ішінде ұсынысты сіздің қарауыңызға енгіземіз, – деді министр.

Еске сала кетелік, аймақтарға жұмыс сапары кезінде Кәрім Мәсімов Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстарындағы әуежайларды жекелей тексерген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз