Наташа Кроун Швецияда тұрып, онда модельдік қызмет атқарады.
Бұл жұмысы Наташаға жақсы пайда әкелгендіктен, ол өз дене-бітімін жақсарту үшін бар күшін салады. Пластикалық оталарға көп жүгінетіндігін де Наташа жасырмақ емес. Бірақ соңғы кездері ол бөксесіне әдеттегіден тыс көп көңіл бөлетін болған.
“Бөксемді үлкейтуге арналған бірінші отамды 20 жасымда жасаттым. Және сол кезде мен осымен тоқтап қалмайтынымды түсіндім”,-дейді Наташа.
Мұндай нәтижелерге қол жеткізу оңай емес, деп түсіндіреді Кроун. Оған үнемі жоғары калориялық тағамдар тұтыну қажет. Себебі, дәл мұндай тағамдар бөксе майларының көбеюіне әсер етеді екен.
“Мен ұйқыдан тұрғаннан соң, бірден айна алдында өз бөксемді қараймын. Және білесіздер ма? Ол мен үшін әлі де кішкентай болып көрінеді. Мүмкін менде денелік дисформия шығар, бірақ мені ол қызықтырмайды”,-дейді Кроун.
Ол отаны бөксеге ғана емес, ерніне де жасатқан. Алайда, оның дене бітімі мен түр әлпеті әлі де өз көңілінен шықпайды екен.
Наташаның жанкүйерлерінің көбейгендігін де атап өту керек. Себебі, бүгінде бұл қыздың парақшасына 200 мыңнан аса оқырман жазылған екен.