Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Әкім ауызашар берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі, имам Нариман Ермекұлы ата-бабалар рухына Құран бағыштап, Алла Тағаладан елімізге береке, Отанымызға тыныштық тілеп, дұға жасады.

Одан соң облыс әкімі Болат Бақауов көпшілікті сағына күткен қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.

– Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай,-деп лебізін білдірді өңір басшысы.

Ауызашар соңында да Құран оқылып, ел тыныштығы үшін дұға жасалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз