Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

“Киімсіз келе салмай ма?”. Мәскеудегі МузТВ премиясындағы жалаңаш жұлдыздар

512


Ольга Бузова дейтін қыздың шығысы одан да сорақы болды. Жартылай жалаңаш төрт жігіттің ортасында афродита кейпінде киініпті.

Махаббат құдайының кейпінде келген Ольга Бузова жалаңаш келді десе де болады. Оның киімі тек әуретті жерлерін әрең ғана жауып тұрды.


Алайда, жалаңаш күйде атып шыққаны Ольганың жеңіске жетуіне көмектеспеді. Ольга Бузова үміткер болған “Жыл таңдауы” номинациясында Jah Khalib жеңіске жетті.


Атақты рэпер Тиматидің Анастасия Решетовамен бірге келгені де қызық деседі. Екеуінің қарым-қатынасы жайлы жұрт ішінде түрлі өсектер өріп жүр. Бірақ екеуі де “жүретінін” әлі растаған емес.

Әнші мен модельдің қарым-қатынасынан бұрын жұртты Настяның киген киімі таң қалдырды. Решетова тыр жалаңаш денесіне пиджак жаба салыпты.


Айтпақшы, Тимати ” Үздік әнші” номинациясы бойынша жеңіске жетіп, фотографтардың алдында Реншетовамен ғана емес, анасымен де бірге суретке түсті.


Әйелдер арасындағы “Үздік әнші” номинациясын Светлана Лобода жеңіп алды. Оның да сахналық киімі тым батыл: көйлегінің астында іш киім жоқ.


Лободаның қызыл кілемге бірге шыққан Макс Барскиймен жұрт алдында сүйіскені де біраз өсектің арқауы болды.


Вера Брежнева дейтін жұлдыздары да қарап қалмады: қара, арты ашық, терең ойылған көйлегімен ел назарын өзіне аударуға тырысып бағыпты.


Дәл соған ұқсас көйлекті тележүргізуші Елена Летучая киіп алыпты. Бірақ, Ленаның артындағы ойығы тіптен ашық.


Қызыл киімде көйлегін жеңіл күртеше астында жауып келген Екатерина Варнава сахнаға шыққан кезде жұрттың бәрі аң-таң болды. Ашық көйлек астындағы ақ бодидің көмегімен аяғының оқтай екенін көрсеткісі келген болар.


Қысқа киім кигендердің қатарында “Время и Стекло” тобының әншісі Надежда Дорофеева бар.


Глюк’oZa балық аулайтын тор немесе сауытты еске түсірген қысқа көйлек киіп шықты.


A’Studio тобының әншісі Кэти Топурия да біраз елдің өсегіне қалған сияқты!


Әдемі көріну үшін шешінудің қажеті жоқ. Жүргізуші Лера Кудрявцеваның қызыл көйлегі елге ұнапты.


Полина Гагарина жақында ғана екінші рет босанса да, фигурасы әлі күшті екен. Әнші бордо түсті көйлек киіп келді.


Ксения Собчактың көйлегі де біртүрлі.


Анфиса Чехова – төсін көрсетудің шебері екенін тағы дәлелдепті.


Ани Лорак қара көйлек таңдапты.


Ани Лорактың қызыл кілемге шыққаны бір блогердің күзетшілер арасынан сытылып өтіп, әншінің аяқтарын сүюімен есте қалды.

https://youtu.be/D7GHm43u_vc

Айтпақшы, бұл кешке Қазақстаннан Қайрат Нұртас барған еді.

ofigenno.com

Дайындаған: Бәтес Ерболат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз