Түркістанда тапа тал түсте белгісіз біреулер қыз зорламақ болған қаскүнемнің кім екені анықталды, деп хабарлайды Хабар-24 арнасы.
Оқиға Қожа Ахмет Яссауи кесенесі жанында орын алған. Жергілікті ішкі істер департаментінің мәліметінше, қаскөй алдымен кесене маңында қыздың телефонын тартып алған. Бағалы затын қайтарып алмақ болып, артынан қуа жөнелгенде, көзден таса жерге сүйреп апарып, аяусыз ұрып соққан. Бойжеткенді кездестірген куәгерлер жедел жәрдем шарқыртып, көмек көрсеткен.
https://kaz.365info.kz/tyrkistanda-student-khyzdy-zorlamakh-bolgan-er-adam-izdestirilude-330558
Ал Түркістан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі, өз кезегінде, киелі жерде көргенсіздік жасамақ болған қаскүнемнің кім екені анықталғанын хабарлады.
– Түркістан қаласында орналасқан ЖОО-ның бірінің студенті анықталды. Қыз өзінің арызында белгісіз тұлға өзін зорламақшы болғанын көрсеткен. Бұл жәйт бойынша Түркістан қалалық ішкі істер басқармасында «зорлауға оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Қазіргі таңда криминалдық полиция басқармасы күдікті азаматтың тұлғасын анықтады. Ұстау шаралары жүргізіліп жатыр, – дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қарагөзова,