Қарыз алып немесе көмек сұрап қажылыққа баруды шариғат қолдамайды.
Наиб-мүфти Наурызбай Өтпенов қажалық парызы туралы ақпарат бере келе, оған неше рет бару керек деген сауалға тоқталды.
«Кез келген мұсылман қажылыққа барғысы келеді. Оған баруды армандайды. Қажылық кімге парыз екенін алдын ала біліп алғанымыз жөн.
Қасиетті Құранда «Кімнің жағдайы келсе, сол адам өмірінде бір рет қажылық жасасын» деген
Яғни кез келген жағдайы бар мұсылманға өмірінде бір рет қажылыққа бару – парыз. Жағдайы дегенде әлеуметтік жағдайымен қоса денсаулығы да айтылып тұр. Әрине, одан кейін тағы барам десе, оның да еш әбестігі жоқ», – дейді дін өкілі.
Ол сондай-ақ, қажылыққа бару үшін кей адамдардың қарызданып жататынын айтты.
«Кей адамдар қажылыққа бару үшін бір-бірінен қарыз немесе көмек сұрайды. Шариғат мұны қолдамайды
Яғни, жағдайы келген адам ғана қажылыққа баруы керек. Қажылық дегеніміз – құлшылық. Ол барып демалатын орын емес. Болмаса ел көріп келетін жай бір сапар емес. Қажылыққа барып келіп, бір дәрежеге көтерілем дейтіндей мансап та емес. Осыны білген жөн», – деді Наурызбай Өтпенов.
Наиб-мүфти Наурызбай Өтпенов қажылық сапарға бару үшін ең әуелі ниеттенген адамның мұсылман болуы керектігін айтады.
«Виза бойынша арнайы шектеу жоқ. Біздің тәжірибемізде Суад Арабиясы тарапынан қажылық визаға берген өтінішті қайтарған жағдай болып көрген жоқ. Ең әуелі, қажылыққа барғысы келген адам мұсылман болуы керек.
Тек әйел адамдар жалғыз барғысы келсе, виза соларға ғана берілмейді.
Яғни, оның жанында ертіп жүретін туысқан ер адам немесе күйеуі болуы шарт», – деді мүфтият өкілі.
Оның айтуынша, қажылыққа барғысы келетін отандастарымыз көп болғанымен, нақты мүмкіндігі бар адамдардың саны шектеулі.
«Негізі Сауд Арабиясы ел тұрғындарының 10 пайыздық көрсеткіштіне дейін рұқсат квота бөледі. Әзірге біздің елде ниетіне мүмкіндігі сай адамдардың саны 3200 болып отыр», – деді Наурызбай Өтпенов.