Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
519
+13.97
EUR
568
+11.62
RUB
6.03
+0.06

Қызылордада 135 отбасы жаңа пәтерге ие болды

«Сыр өңірінде халықты баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өткен жылы 2,5 мыңнан астам пәтер берілсе, биыл 292 пәтер сатып алуға қаржы бөлінді. Сонымен қатар қосымша 3300-ден астам пәтер сатып алуға өтінім жолданды», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Амал мерекесінде Жаппасбай батыр көшесіндегі 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілсе, Наурыз мейрамында апатты жағдайда тұрып жатқан 135 отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Тұрғын үйлердің құрылысын жүргізген мердігер компания қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов құттықтау сөзін сөйлесе, мемлекет және қоғам қайраткері Бақберген Досмамбетов бата берді.

Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысының көлемі 126%-ға артты. Бұл аймақ халқын баспанамен қамтамасыз ету бойынша елдегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі болып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз