Павлодар облысының есірткіге қарсы күрес басқармасы прокуратурамен бірлесіп, есірткі саудалаған теміржолшыны ұстады.
Тергеу барысында күдіктінің таныстарымен бірге есірткі сатып келгені анықталды. Тінту кезінде оның үйінен 700 грамм есірткі, зергерлік бұйымдарды өлшейтін таразы, электрошокер және қару-жарақ табылған.
Ұсталған азамат «Қазақстан Темір Жолы – Жүк тасымалы» компаниясында жұмыс істеген. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, олардың әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.