Түркістан облысы, Арыс қаласындағы Абай атындағы «Білім инновация» ер балалар лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Ерасыл Жүнісбек әлемнің жетекші 30 университетінен шақырту алды.
Оқушыға АҚШ-тың University of Colorado Boulder, Drexel University, Temple University, DePaul University, Xavier University, сондай-ақ City University of Hong Kong, American University of Beirut сияқты беделді жоғары оқу орындары ұсыныс жасаған. Сонымен қатар, Ұлыбританияның University of Leeds, Queen Mary University of London, University of Glasgow сынды университеттері де Ерасылды өз қатарларынан көргісі келеді.
«Ерасылдың табысы біздің лицей оқушыларының әлеуеті жоғары екенін көрсетіп, түлектерге жігер сыйлайды. Бұл – қажырлы еңбек пен табандылықтың жемісі. Оны осы керемет жетістігімен құттықтаймыз және алдағы уақытта үлкен белестерді бағындыруына тілектеспіз!», – деді сынып жетекшісі Мақсат Темірхан.